1326

Сенбілікке халық жаппай жұмылды

Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың өзі бастап таңертеңнен қамданған аудан әкімдіктері, қалалық департамент, басқарма басшылары мен қызметкерлері, елорда тұрғындары ағаш отырғызып, аулаларды қоқыстан тазартып, санитарлық және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Бүгін халқы күн санап артып келе жатқан Астана үшін еңбектің қызған күні. Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың өзі бастап таңертеңнен қамданған аудан әкімдіктері, қалалық департамент, басқарма басшылары мен қызметкерлері, елорда тұрғындары ағаш отырғызып, аулаларды қоқыстан тазартып, санитарлық және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Василий Крылов, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

Көктемде өткізілетін сенбілік күзгі сенбіліктерге қарағанда өте маңызды. Өйткені көктемде атқарылатын шаруа өте көп. Биыл қардың қалың түсуіне орай, жұмыс та екі еселенді. Біз бірінші кезекте Санэпидқадағалу департаментімен жоспарлы жұмыс істеп, қоқыс көп шоғырланған жерлерді тазартуды негізге алдық. Арнайы сенбілікке 300 техника жұмылдырылды. Бір қуантатыны, тұрғындар мәдениеті жоғарылап, тазалық сақтауға дағдыланып келеді.

Мірболат Жақыпов, Президент Әкімшілігі жалпы бөлімінің меңгерушісі:

Елбасы астананы көшірерде жаңа астанада саябақ, гүлзарлар көбейеді деген еді. Міне, қаланың гүлденуіне біз де өз үлесімізді қосып жатырмыз. Алғашқыда оң жағалауға ағаштар отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізсек, енді сол жағалауды көркейтуге атсалысып жатырмыз.

Қала тазалығы әрбір тұрғын үшін маңызды. Сондықтан бас қаланың көркін кіргізуге үлкен-кіші демей халық жаппай жұмылды. Нақты айтсақ, биыл сенбілікке шамамен 80 000-ға жуық адам қатысып, 2500 ағаш отырғызылды. Бұл жолғы сенбілікте ағаш-бұталы көшет түрлері отырғызылып, 1059 текше метр топырақ, 429 текше метр құм, 3,5 тонна әктас пен 5600 полиэтиленді қап жұмсалды.

Әсима Бимендина, Астана қаласы, Білім басқармасының бастығы:

Бүгін колледж студенттері соғыс ардагерлерінің үйіне барып, көмек көрсетіп жатыр. Қаланың барлық мектептерінде сенбіліктер өткізілуде. Бастауыш сынып оқушылары өз сыныптарын тазартып жатса, 6-11 сынып оқушылары мектеп аулаларын тазартып, ағаш отырғызды.

Экологиялық айлық аясында өткізілген шараға Алматы ауданынан 11 000-нан астам адам қатысқан. Соның ішінде 611 мекеме, 92 ПИК. Тазалық жұмыстарын жүзеге асыруда 41 жүк көлігі, 20 жүк тиеу техникасы жұмылдырылып, 320 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Ал, Есіл ауданына қарасты Тұран даңғылы бойына 1000 ағаш,  Сарыарқа ауданына қарасты Тілендиев даңғылының бойына 200 көшет отырғызылған.

Санитарлы шара барысында қаланың 152 ластанған аймағы 509 текше метр қоқыстан тазартылды. Айта кету керек, жалпықалалық сенбілік барысында ойын, спорт алаңдары, аулалар тазартылып, шағын сәулет пішіндері  мен субұрқақтарда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109