1532

Елбасы елорда басшыларына Талдыкөлді тезірек тазартуды тапсырды

Бүгін Тәуелсіздік сарайында өткен елорданы одан әрі қарай дамытуға арналған кеңейтілген жиында Нұрсұлтан Назарбаев үкімет пен Астана әкімдігіне Талдыкөлдегі жиналып қалған тоған суды тезірек тазарту мәселесін шешуді тапсырды.

Бүгін Тәуелсіздік сарайында өткен елорданы одан әрі қарай дамытуға арналған кеңейтілген жиында Нұрсұлтан Назарбаев үкімет пен Астана әкімдігіне Талдыкөлдегі жиналып қалған тоған суды тезірек тазарту мәселесін шешуді тапсырды.

«Біз Талдыкөлдің жиынтығын иісі шықпауы үшін  2015 жылы жою жөнінде айттық. Ол жерде құрылыс басталып кетті алайда, иіс әлі қолқаны қабады. Тіпті, жоба да екі жылдан бері жеткілікті қаржыландарылмайтын көрінеді», - деді Мемлекет басшысы.

 Президент Премьер-министрге аталған жобаны қаржыландыруды жеке өз бақылауына алуды тапсырды. Елбасы Серік Ахметовке қарап: «Бюджетті қайта қарау кезінде, немесе келесі жылы толық қаржыландырып, Талдыкөлді сорып, жою қажет. Біз оның орнына – «Қарабидайық» дайындап қойдық», - деді.

Сонымен қатар, Астана әкімі Иманғали Тасмағанбетов мәжіліс барысында Талдыкөл сияқты маңызды жобаны жүзеге асыру белгіленген кесте бойынша жүріп жатқанын жеткізді.   

«Жобаның екінші кезегі тұрып қалған суды тәуілігіне  118 мың текше метр көлемінде Астананың жоғарғы жағындағы «Нұра-Есіл» арнасына айдау, сол арқылы Есілге 1,3 мың текше метр су келетіндей жағдайды қамтамасыз ету. Егер Есілге 2015 жылдан бастап  3 мың текше метрге дейін м/с су келетін болса, онда Астана су сақтау қоймасы елорданы тек ауыз сумен қамтамасыз етуге ғана пайдаланылар еді», - деді  Иманғали Тасмағамбетов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109