1185

Әсет Исекешев мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау бойынша талқылауға қатысты

Бүгін, 12 мамырда «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының кеңейтілген отырысы өтіп, ол Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын іске асыру шеңберінде мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау тақырыбына арналды.

Отырысқа Астана қаласының әкімі, партияның елордалық филиалының төрағасы Әсет Исекешев қатысты.

– Мемлекеттік органдардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсетумен байланысты жұмысы Ұлт Көшбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізіп отырған мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады, - деді Әсет Исекешев.

– Оның тапсырмасы бойынша, әлеуметтік салада, соның ішінде, Астанада бірқатар бағдарламалар іске асырылуда. Қалада мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін барлық жағдай жасалды деп айту қиын. Тиісті мемлекеттік органдар тарапынан олқылықтар бар, бұл туралы жақында өткен кеңесте Мемлекет басшысы да айтты, әсіресе, инфрақұрылым нысандарының мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімсіздігі бар. «20 қадам» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қала барлығы үшін ыңғайлы және жайлы болуы тиіс. Сол себепті әкімдікте арнайы комиссия жұмыс істейді, сыни ескертпелер мен жоспарлар бар екенін білемін. Бұл бағытта келешекте қалай жұмыс істеуге қатысты менің де өз ұсыныстарным бар, - деді әкім

Бүгінгі күні елордада мүмкіндігі шектеулі 22 946 адам тұрады. Соның ішінде 4 072 адамның жас 18-ге толмаған.

Астана қаласының әкімдігі үш бағыт бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау мен қамтамасыз ету стратегиясын әзірледі: әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту және қолжетімділікті қамтамасыз ету және ҮЕҰ-мен өзара ықпалдастық.

Әлеуметтік қамсыздандыру. 2017 жылдың басынан бері жергілікті және республикалық бюджет есебінен мүмкіндігі шектеулі тұлғалар 460 млн теңгенің әлеуметтік көмегімен қамтылды. Соның ішінде 1906 адам оңалту қызметтерімен қамтылды.

Жұмыспен қамту. 10 мамырдағы жағдай бойынша 240 адам жұмыспен және әлеуметтік бейімдеумен қамтылды. Халықтың аталған тобы үшін үш рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

Қолжетімділік. Құжаттандыруға жататын елордадағы нысандардың жалпы саны – 1106. Үстіміздегі жылы 705 нысанға төлқұжат беру, 809-ын бейімдеу қарастырылған. Барлық мәліметтер интерактивті қолжетімділік картасына енгізіледі. Бүгінгі күні оған 420 нысан енгізілген. Қаланың көше-жол желісін бейімдеу шеңберінде 135 бағдаршамда 1061 табло жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жеке көліктері үшін 36 орын жабдықталған. 1025 қалалық автобустың 609-ы арнайы қайырмалы траптармен жарақталған. Арбамен жүретін мүгедектенрге ыңғайлы болуы үшін тағы 380 автобус сатып алынады.

Бүгінгі талқылаудың басты мақсаты үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау бойынша жобаларын қарау болды. Отырысқа ҮЕҰ 70 өкілі қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109