2495

Жарықдиодты шамдар қуат үнемдеуге мүмкіндік береді

Астана – халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізетін қала ретінде «Жасыл экономика» жобасын жүзеге асырмақшы. Осыған орай бүгіннің өзінде қолға алынған шаралар аз емес

Астана – халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізетін қала  ретінде «Жасыл экономика» жобасын жүзеге асырмақшы. Осыған орай бүгіннің өзінде қолға алынған шаралар  аз емес. Атап айтсақ, бірер жылда елордалықтар электр қуатын үнемдеу жүйесіне ауысуы мүмкін. Өйткені,  бүгінде Астананың әлеуметтік саласы мен бизнес кәсіпорындарында қуат үнемдейтін технологиялар жобасы жүзеге асырыла бастады.

Мәлика Бектұрова, Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы:

Бүгінгі таңда энергияны үнемдеу технологияларын игерудің арқасында біз кейбір кәсіпорындарда  90 пайызға дейін энергия  үнемдегенімізді байқадық. Біз бұл жұмысты одан әрі жалғастырамыз. Әзірге игеріп жатқан пилоттық жобада жарықдиодты  шамдар орнатылады. Олардың ішінде сынап жоқ, көзге зиян келтірмейді, денсаулыққа  зиянсыз.  Пайдалану  мерзімі 12000 к/Вт-қа дейін жетеді. 

Елордада 2012 жылы электр қуатын пайдаланудың көлемі 2,3 млрд. кВт құраған. Ал, жарықдиодты өнімдерді енгізу электр энергиясын тұтынуды 70%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді екен. Сондай-ақ, жарықдиодты көздер қыздыру шамдарына қарағанда 15 есе, люминесцентті шамдармен салыстырғанда 3 есеге үнемді. Тағы айта кететін бір жайт, сынап қоспалары жоқ жарықдиодты шамдар үнемділігінен бөлек ұзақ пайдалану, экологиялық және қауіпсіздік жағынан да тиімді.

Юсуп Келигов, Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары:

Шамдарды қайта кәдеге жарату жүйесі аясында 100 антивандальды контейнер орнатылады. Өз елімізде жасалғанымен, технологиясы ресейліктерге ұқсас. Бұл контейнерлер адам денсаулығына қауіпсіз, оның ішіне салған шамдарды өз еркіңмен қайта ала алмайсың. Қазір ПИК басшыларымен, қала тұрғындарымен жұмыс жүргізіп шамдарды қоқысқа емес, осы контейнерлерге тастау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Бүгінде пилотты жоба ретінде жарықдиодты жарық көздері жергілікті өндіруші есебінен мектеп, медициналық орталықтар мен балабақшаға орнатылған. Алдағы уақытта әлеуметтік нысандар мен сауда және қызмет көрсету мекемелерін жарықдиодты өнімге ауыстыру жоспарлануда.

Мира Баймолдинова,  жеке мекеменің бас  электригі:

Бұл шамды орнатқалы жарықтың қуаты екі есеге азайды. Ал, пайдаланған мерзімінен бері электр энергиясын 45-50 пайызға үнемдедік. Әзірге Назарбаев университетінде мұндай 2000-ға жуық шам бар. Алдағы уақытта олардың санын көбейтіп, жарық үнемдеу жүйесіне көшу жоспарда бар. 

2013 жылдың екінші тоқсанында тұрғындардан  пайдаланылған 500 000 шам жинап, жергілікті бюджет есебінен қайта кәдеге жаратудың пилоттық жобасы аяқталады деп күтілуде. Ол үшін арнайы Есіл ауданында 50 контейнер, Алматы ауданы мен Сарыарқа ауданына 25 контейнерден орнатылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109