1345

«Сарыарқа» ауданында халықпен есеп беру кездесулері аяқталды

Бүгін М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Сарыарқа» ауданы әкімі Павел Кулагиннің соңғы халықпен есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге қалалық басқармалардың басшылары, коммуналдық кәсіпорындардың және ұйымдардың өкілдері қатысты.

Павел Кулагин өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысына тоқталып, биылғы жылға арналған жоспарлар туралы айтып берді.

– Өнеркәсіптік өнім (тауар, қызмет) өндіру көлемі 77,5 млрд. теңгені құрады, жалпы, елордадағы өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің 22,5% шығарылды. 2016 жылдың басында салық түсімдерінің көлемі 48,2 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда аталған көрсеткіш 6% ұлғайды,­ деді П. Кулагин.

Есеп беру кездесуі барысында қала тұрғындары коммуналдық қызмет тарифтеріне қатысты сауал жолдады. Өткен жылдың желтоқсан айында тұтынушылар үшін жылу энергиясын қайта есептеу жүргізілген болатын. «Астанаэнергосбыт» ЖШС өкілінің айтуынша, бұған компания шығындарының орнын толтыру туралы сот шешімі негіз болған. Бұл ретте тұтынушыларға 1-8 айға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі. Аталған кезеңде қайта есептеу сомасына өсімақы есептелмейді.

Сонымен қатар, Кенесары көшесінің бойындағы ескі және апатты жағдайдағы үйлерді бұзу, сумен жабдықтау, тұрғын үйлердің аумағындағы қарды уақытылы жинау, қала аумағын абаттандыру, атап айтқанда, жаяу жүргіншілер үшін тротуарлар мен жаңа жолдар салу мәселелері де көтерілді.

Есеп беру кездесулері аясында келіп түскен барлық сауалдар тиісті қалалық басқармаларға жіберілетін болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109