1316

Елордалық зейнеткерлер сайлауға белсенді қатысуда

Бүгін елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейлердегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Таңертеңнен бері елорданың мыңдаған тұрғыны сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруде.  

Астаналық зейнеткерлер де сайлаудан тыс қалған жоқ. №81 сайлау учаскесінің сайлау комиссиясының мүшелері қаланың әр тұрғынының сайлауға қатысуын қамтамасыз ету үшін қариялардың үйлерінде дауыс беруді ұйымдастырды. Еліміз үшін маңызды оқиға – сайлауға қатысып, өз округі бойынша кандидатқа немесе партия үшін дауыс беру үшін Сайлау комиссиясын тағатсыз күткен зейнеткерлер қуанышы мен көз жасын жасырмады. Зейнеткер Тажикова Хадиша Қазақстан халқына өз тілегін білдірді.

-  Жақсы боп өсіңдер, әдемі, тыныштық болсын, бастарың аман, дендерің сау болсын, істеген қызметтерің жемісті болсын, адал істеңдер, - деді ол.

Сайлау комиссиясының мүшелері зейнеткер Таналиева Кансұлудың да үйінде болды. Қария еліміз бен жастарға өз тілегін білдірді.

-  Тыныштық болсын, дендеріңіз сау, сендер жастарсыңдар, алдымызда жақсылықтар бар, соның бәрін көріңіз, табысты болыңыз, семьяда тату болыңыз. Бәрі де жақсы болсын.

Айта кетейік, елорда тұрғындары сағат 20:00 дейін сайлау учаскелерінде дауыс бере алады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109