1480

Астанада сайлаушылардың 74,65% дауыс берген

ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейлердегі мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс беру аяқталды. ҚР Орталық сайлау комиссиясы ұсынған мәліметтерге сәйкес, Астанада сайлаушылардың 74,65% дауыс берген. Жалпы, республика бойынша сайлаушылар саны 7 миллион 500 мыңды құраған, халықтың 77,1% сайлауға қатысқан.

Елімізде дауыс беру процесі 9 840 сайлау учаскесінде өтті, астаналықтар 178 ашық сайлау учаскесінде дауыс берді.

Сайлауда дауыс беруге әр түрлі жастағы және түрлі кәсіп иелері келді. 18 жасқа толған және бүгін туған күнін мерекелеген азаматтар да дауыс беру бюллетеньдерін сайлау жәшіктеріне салды. Зейнеткерлер, ардагерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар да мемлекет үшін маңызды оқиғадан тыс қалған жоқ. Халықтың аталған санаттарына жататын және денсаулығының жағдайына байланысты сайлау учаскесіне келе алмаған азаматтар үйлерінде дауыс берді.

Қазіргі кезде барлық сайлау учаскелерінде сайлаушылардың дауысын есептеу жүргізіліп жатыр. Сайлау заңнамасына сәйкес бұған 12 сағатқа дейін уақыт беріледі. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109