Соңғы қоңырау күні елордада ауа райы жылы болады
Бүгін, 25 мамырда
мектеп бітірушілердің қуанышына қарай елорадада ауа райы жылы болады. Сынап бағаны Цельсия белгісі бойынша +20
градусқа көтеріледі. Тек келесі аптаның басында ғана синоптиктер күн бұлтанып,
жауын жауатынын айтады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК-дан
мәлім етті.
«Астанада 25 мамырда күн ашық болады. Солтүстік батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температураы түнде +3+5°C, күндіз +19+21°C шамасында», - делінген хабарламада.
Гидрометорталықтың мәліметі бойынша, 26 мамыр, жексенбі күні елордада күн құбылмалы болады. Шығыстан 5-10 м/с жел соғып, ауа температурасы түнде 6-8 градус, күндіз 21-23 градусқа дейін көтеріледі.
Дүйсенбі, 27 мамырда астанада ауа райы жаңбырлы болғанымен, жылы болады. Желдің екпіні 7-12 м/с, кей жерлерде 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +8+10°C, күндіз +25+27°C. болады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz