Астанада дауылды ескерту жарияланды
Астанада 20 және 21 қаңтарда ауа райының бұзылуына орай
дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК
хабарлады. Метеоролгтардың хабарлауынша, бұл күндері елордада боран болып,
оңтүстік-батыстан 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Бүгін, 20 қаңтарда Астанада күн бұлтты, қар жауып тұр, боран. Оңтүстік-батыстан 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғуда. Түнде ауа температурасы -7;-9°C, күндіз -2;-4°C.
21 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады, боран болады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді. Түнде және күндіз ауа температурасы -17-19°C.
«22 қаңтарда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -23;-25°C, күндіз -20-22°C болады», - деп болжайды синоптиктер.
Айта кетейік, бүгін Астанада ауа райының бұзылуына орай бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz