1622

19 сәуірде Астана көшелерінде 2700 көшет отырғызылады

Бүгін Астанада қаланы санитарлық тазарту, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша көктемгі экологиялық айлық басталды, ал 19 сәуірде «Біз таза қаланы қолдаймыз» жалпы қалалық сенбілігі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына елорда әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады. Экологиялық айлық 7 мамырға дейін жалғасады.

Бүгін Астанада қаланы санитарлық тазарту, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша көктемгі экологиялық айлық басталды, ал 19 сәуірде «Біз таза қаланы қолдаймыз» жалпы қалалық сенбілігі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына елорда әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Экологиялық айлық шеңберінде қала аумағын санитарлық тазарту; көшелер, тротуарлар және орамішкі аумақтарды жинау жұмыстары; Есіл өзені, Ақбұлақ жылғасы, Сарыбұлақ жылғасын қоқыстан және басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартуын қамтамасыз ету; нөсерлік және арық-науалы кәріз жүйелерін тазартуды жүргізу; саябақтар мен шағын бақтардағы жасыл желектерге күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстарды, көгал алаңдар мен гүлзарлар ауданын жайластыру бойынша іс-шараларды өткізу; қар еріген соң қар үйінділердің аумақтарын санитарлық тазарту және қалпына келтіруді қамтамасыз ету және т.б. жоспарланған. Экологиялық айлық 7 мамырға дейін жалғасады.

19 сәуірде жыл сайынғы жалпықалалық сенбілік өтеді. Оған шамамен 93000 адам, 8500 кәсіпорын және ұйым, 170 оқу орындары, 360 ПИК қатысуы жоспарланған, 450 жуық техника тартылмақ.

Бұдан басқа, биыл сенбілікте 2 700 көшет отырғызылады. Соның ішінде, Алматы ауданында 1 000 (Қалдаяқов к-сі және 46-көше), Есіл ауданында 1 500 (Тұран даңғылынан бастап Еңбекшілер к-сіне дейін Жәнібек пен Керей хандар к-сі) және Сарыарқа ауданында 200 ағаш (Тілендиев к-сі) отырғызылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109