1788

Субұрқақтарды тоқтатып қою оларды келесі жазға дейін сақтауға мүмкіндік береді

Субұрқақ кешендері жаз бойы серуендеп, демалып жүрген тұрғындарды сұлулығымен және әсемдігімен қуантады, қаланың көркін келтіреді. Келесі жылы жазда субұрқақтар мен субұрқақ кешендері ақаусыз жұмыс істеуі үшін суық түскен кезде оларды тоқтатып қояды. 

Астана қаласының Алматы ауданы әкімі аппаратының хабарлауынша, қазіргі кезде 13 субұрқақ тексерілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін бұзылған қондырғылардың орнына жаңасы сатып алынды. Субұрқақтардың су бүріккіш тостағаншаларын, субұрқақ құрылғыларын қайта қалпына келтіру, айналасын сырлау жүргізілді.

Осылайша, субұрқақтар келесі жазға дейін бұрынғы қалпында сақталатын болады. Елордада орналасқан субұрқақтарға «Астана  Көгалдандыру құрылыс» АҚ қызмет көрсетеді. Олар өз кезегінде субұрқақ қондырғыларына қыс мерзімінде техникалық қызмет көрсетеді, сондай-ақ субұрқақ кешендерінің барлық техникалық бөлімшелерінде жылуды қалыпта ұстап, су асты суларынан сору жұмыстарын жүргізеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109