1130

Биыл 30 астам аула абаттандырылады

Астанада тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру бойынша кешенді бағдарлама жүзеге асырылуда. Аталған бағдарлама аясында жол жабыны ауыстырылып, балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдары, қоқыс жәшіктері орнатылады, көлік қоятын орындар жасалады.

Биыл «Сарыарқа» ауданында 19, «Есіл» ауданында 7 ауланы абаттандыру көзделген. «Алматы» ауданында көп қабатты тұрғын үй секторындағы 16 үйді қамтитын 10 аулада кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Атап айтқанда, 11 балалар ойын алаңы, 3 спорт және 5 гимнастика алаңы жасалады, 56 тренажер, 80 қоқыс жәшігі, 72 орындық орнатылып, 8 күрке, 8 кір жаятын орын дайындалады. Сонымен қатар, 12 801 шаршы м аумақта асфальтбетон жабыны жөнделеді, ал 4 465 шаршы м аумақта қайта төселеді.

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша Астанада абаттандыру бағдарламасы аясында 41 аула мен 12 аула аумағы абаттандырылды. Жөндеу жұмыстары аясында аулаларда қауіпсіз шағын архитектуралық пішіндер, тренажерлар орнатылып жатыр. Сондай-ақ, «Есіл» ауданында спорт және ойын алаңдары жасалды, бұзылған шағын архитектуралық пішіндер, спорттық снарядтар мен тренажерлар, сәндік қоршаулар қалпына келтіріліп, ауыстырылды, балалар алаңдарына жарақат алуға жол бермейтін қауіпсіз резеңке жабындар төселді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109