4921

Астананың өсімдік әлемі

Жаз келген сайын Елорданың саябақтары мен гүлзарларында темір мен өсімдіктерден жасалған ондаған ғажайып пішіндер пайда болады. Кесек темірді көріктендіру үшін мыңдаған өсімдік қажет.

Флорист-шеберлердің шынайы ықыласы әсем дүниелер шығаруда. Астана қаласы әкімдігі медиа орталығының тілшілері ғажайыптар жасалатын шеберханада болып қайтты.

Астанада 2005 жылы алғаш рет өсімдіктен жасалған 18 декоративті пішін пайда болды. 12 жылдан соң  шаһар шырайын ашқан жасыл пішіндер саны екі есеге артты. Бүгінде 32 пішін қаланы ерекше безендендіріп тұр.    

Жасыл конструкциялар қала көшелеріне жеткізілмес бұрын осындай кейіпте болады. Алдымен дизайнерлердің қиялындағы ойларын дәнекерлеушілер, құрастырушылар металл торды құрылымға жинайды. Барлық техникалық жұмыстардан кейін барып торфоқоспамен байытылған құммен толтырады. 

Жылыжайда нон-стоп режимінде миллионнан астам өсімдік өсіріледі. 

Ең қызықты әрі үлкен еңбекті талап ететін шара - шеберлер әр өсімдікті жеке торға ортығызады. Әр бөлікке 3-4 өсімдік қажет. Жұмысшыларға нәзік тамырларын үзіп алмас үшін арнайы құрал беріледі. Бір пішінді жасап шығу үшін 2 апта уақыт кетеді. 

- Барлығы көлеміне байланысты. Орташа есеппен бір пішінге бес мың өсімдік кетеді, ал одан үлкеніне 7-10 мың өсімдік қажет, - дейді жылыжай шаруашылығын басқарушы Ирина Байрамова.

 

Алайда мұнымен жұмыс аяқталмайды. Өсімдіктер алғашқы табиғи түрін сақтап қалу үшін балаға қарағандай күтім керек: тыңайтқыштармен қоректендіру, күніне екі рет суғару, тіпті күзеп-түзеп отыру қажет. Кейде тұрғындардың қасақана әрекеттерінен кейін өсімдіктердің орнын толтырып отыру қажет.

  «Тұрғындар суретке пішіндерге тым жақындап түсіп жатады, кейді тіпті әдемі сурет шығу үшін олардың үстіне шығып алады, ал мұның бәрі үлкен залал. Бізге ылғи, апта сайын жаңа гүлдерді отырғызып, жаңа өсімдіктермен жаңғыртып отыруға тура келеді», - деп налиды И. Байрамова.

Мына суретте – Елорда тұрғындары мен қонақтарын бей-жай қалдырмайтын ерекше жасыл пішіндер бар.

Топиарлы пішіндер тал-шіліктен жасалған. Біздің қалада олар тұңғыш рет орнатылды. Осындай әдемі дүниені жасап шығару үшін бір емес бірнеше жыл уақыт қажет.

  «Бұта қыш құмыраға отырғызылады. Сол жерге сым пішіндер де сыйғызылады.  Кейін өсуіне қарай, яғни екі-үш жыл пішін тал-шілік боп өсіп-өнеді. Оны қиып, күзеп, үнемі бұтақтарын түзеп отыру қажет» - деп түсіндірді И. Байрамова.

Қазақстан Елордасындағы жасыл көшеттердің саны жыл ішінде екі есеге ұлғайды. Құрғақ жаз, арктикалық қаһарлы қысы бар ызғарлы климатқа қарамастан Астана әлемдегі ең гүлденген қалалардың алдыңғы қатарынан көрініп келеді. 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109