1339

35 елордалық отбасы ЖЭС-3 жылу жүйелерінің құрылысы үшін жерлерді пайдалануға ақшалай өтемақыға келісім берді

Астана қаласының әкімдігі белгіленген уақыт ішінде ақшалай өтемақыны жоғары көлемде төлеуді уәде етті, деп хабарлады елорда әкімдігінің медиа орталығы.

35 отбасы Байзақов көшесі бойымен өтетін ЖЭС-3-тен сол жағалауға дейінгі жылу магистралінің құрылысы үшін өтемақы алу арқылы өз жер участкелерін беруге келісті. 

-Аталған участкеде қазіргі уақытта 45 жекеменшік иелерімен жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның 35 жанұясы өтемақы алуға келісім берді. 24 маусым мәслихаттың сессиясы өтті. Қазір адамдарды келісімшарт жасауға шақыруда, сәйкесінше, белгіленген уақыт ішінде біз максималды ақшалай өтемақыны төлейміз, - деді әкімдіктің медиа орталық тілшісіне «Городская недвижимость» МКМ директоры Александр Строчков.

Сонымен қатар, Строчков қазіргі уақытта әкімдік жекеменшік иелерімен жер участкелерін босату уақыты көрсетілген және өтемақы төлеу бойынша нотариус арқылы келісімшарт жасасуда дейді. 

Естеріңізге саламыз, Астанада 5-ші қосылым жылу магистралінің құрылысы бойынша ЖЭС-3-тен Ұлы Дала көшесіне дейін жұмыстар жүргізілуде. Барлығы бұл участкеде 15,4 шақырым жылу құбырын тарту жоспарланған.

Жобаны жүзеге асыру арқылы салынып жатқан ЖЭС-3 жылу көзінен қаланың оң және сол жағалауларының тұтынушыларын жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Тілендиев даңғылы бойынша үйлер мен тұрғын үй кешендері орталық жылу жүйесіне қосылады.

Биыл Молдағұлова көшесіне дейін жылу магистралін жүргізу жұмыстары аяқталуы тиіс деп жоспарлануда. Келесі кезең – Молдағұловадан Бейсеков көшесіне дейін және Конституция көшесіне дейін. 

Строчков хабарлағандай, қазіргі уақытта Бейсеков көшесі бойында жер участкелерін босату және сатып алу уақытын реттеу бойынша жекеменшік иелерімен келісім жасасу жұмыстары жалғасуда.

Бұдан бөлек, кейбір тұрғындар өз участкелері үшін өтемақы көлемімен келіспей жатыр.

-Бұл участкелерді сатып алу мәселелері сот тәртібінде шешілуде. Бірақ 45 отбасының 35-і келісім бергенін айтып өтейін. Бұл дегеніміз, адамдар өтемақы алуды түсіністікпен дұрыс қабылдайды,- деп санайды Строчков. 

Строчковтың сөзінше, өтемақы көлемі тәуелсіз бағалаушылармен анықталады және жеке есептеледі.

Өткен жылы Астанада 4-ші жылу магистралінің құрылысы, жалпы көлемі 24,8 шақырым аяқталған болатын. Бұл халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге қатысы бар нысандарды, сондай-ақ Мыңжылдық, жаңа теміржол вокзалы мен қаланың оңтүстік-шығыс бөлігін жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109