1421

Астананы абаттандыру қалай жүзеге асады?

Қаланың «Сарыарқа», «Есіл» және «Алматы» аудандарында аулалардың аумағы мен өтпежолдарын абаттандыру және олардың күйін жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда.

«Сарыарқа» ауданында жыл соңына дейін 229 аула мен 21 кварталды абаттандыру жоспарлануда. Қазір ауданның тұрғындары Тілендиев көшесі 36 бойынша орналасқан үйдің аумағында спорттық жаттығу құрылғылары мен балалар үшін ойын кешендері және футбол алаңы пайда болғанын көре алады. Жақын арада көлік тұрағы пайда болады. Самал ауданында өтпежолдар мен жаяужолдың, футбол мен баскетбол алаңдарының жөндеу жұмыстары аяқталды.  

Оған қоса, ауданның 33 үйінде 55 жарық шам қойылған, алдағы уақытта ауданның 103 ауласында көше шамдарын қою жоспарлануда.

Аумақтың 30 өтпежолының жөндеуі аяқталды, жыл соңына дейін тағы да 105 мекен-жай бойынша бұл бағыттағы жұмыстың аяқталуы күтілуде.  

«Есіл» ауданында 238 аула бар, олардың 58-і 2012-2016 жылдар аралығында абаттандырылған. Бүгінде 38 аула жөндеуді қажет етеді, олардың 15-і апатты жағдайда. Қазіргі уақытта 4 мекен-жай бойынша қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр: алдағы уақытта Сығанақ және Сауран көшелері бойынша тұрғын-үй кешендерінің аулаларында 4 спорт алаңы, ойын және гимнастика алаңдары, спорттық құрылғылар мен декоративтік қоршаулар пайда болады. «Құлагер-1» және «Құлагер-2» ТК-де 270 орындық көлік тұрағы ашылды.

Бұған дейін абаттандырылған 17 аумақта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап өткен жөн, ауданда М1 және М3 көпірлерінің астында жаңа жаяужолдардың құрылысы мен су деңгейі төмендеген соң «Ақ Орда» резиденциясы маңында Есіл өзенінің жағасында жаяужолды қайта қалпына келтіру жоспарлануда.

«Алматы» ауданында бас-аяғы 603 аула бар, олардың 250-і жөндеуді қажет етеді. Биыл 125 мекен-жай бойынша жөндеу жоспарлануда. Қазір 55 аула абаттандырылған, жыл соңына дейін олардың саны 85-ке дейін өседі деп күтілуде. Ауданда 4 спорт алаңы пайда болды, 17 нысанда жөндеу және қайта құру жұмыстары жүргізілген. Биылға жасалған жоспар бойынша, Алматы ауданында 168 спорттық құрылғысы бар 21 жаттығу алаңы пайда болады деп күтілуде. Осылайша бүгінде 92 спорт құрылғысы бар 13 аумақ құрылған.

Онымен бірге 2 558 аулада көгалдандыру және ауланың күйін жақсарту бойынша жұмыстар атқарылды, 4 аулада көше шамдары қойылды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109