Астананың жаңа аумақтарында абаттандыру жүргізілуде
Елордада аумақтар мен аулалар негізінде қоғамдық кеңістік құру бағдарламасының іске асырылуы жалғасуда.
Қоғамдық кеңістіктер халықты бір-біріне тартуда таптырмас шешім. Оның құрамы тек балаларға арналған ойын алаңдарын ғана біріктірмейді, сондай-ақ ересектер мен балаларға арналған жаттығу алаңдары, демалыс орны мен логистикалық инфрақұрылым: көлік тұрағы, өтпежолдар мен жаяужолдар қарастырылған. Бірінші кезекте бұндай кеңістік қаланың аулаларын дамыту мен абаттандыру үшін қажет.
Бүгін «Сарайшық» КТК, «Тұрсын Астана» ТК, Ғабдуллин 4/1 және Бараев 13 көшелері бойынша үйлердің арасындағы учаскеде қоғамдық кеңістік жұмыс істей бастады.
Аумақтарда спорт алаңдары қайта қалпына келтірілді, тұрақтар мен балалар ойнау алаңы абаттандырылды. Жаттығу құрылғылары бар арнайы аймақ құрылды. Көгалдандыру және аумақтың жалпы күйін жақсарту бойынша жұмыс атқарылды: бабалар ойнайтын алаңдар мен газондардың қоршауы қойылып, ағаштар отырғызылды.
Сол маңдағы үйлердің тұрғындары жаңа қоғамдық кеңістіктің ашылуына орай концерт ұйымдастырды. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев ендігіде тұрғындар жиі баратын жаңа нысандарды аралады.
Биыл 125 ауланы абаттандырып, 10 қоғамдық кеңістік құру жоспарлануда. Бүгінде бұл жұмыстардың 60 пайызы орындалды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz