1118

Елорданың жаңа аулалары қала тұрғындары мен қонақтары үшін көптен күткен сый болды

Бүгін «Сарыарқа» ауданында жаңа аула ашылды. Қазіргі уақытта 30 мекен-жай бойынша аулаларда жөндеу жүргізілді.

Қала әкімі аулаларды абаттандырудың сапасына баға берді.

- Мемлекет басшысы қала тұрғындарының өмірін жақсару, балалар үшін ыңғайлы жағдай жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды қолдауға бағытталған тапсырма берді. Сондықтан болар биыл астаналық әкімдік 370 ауланың құрылысын аяқтады. Оған қоса көлік тұрақтары мен өтпежолдар, спорттық, балалар және жастар құрылғылары бар 40 қоғамдық кеңістік іске қосылады», - деді Ә. Исекешев.

Онымен бірге әкім атап өткендей, ағымдағы жылы «Сарыарқа» ауданының аумағында креативті жобаларды іске асыру аясында тұрғын үйлердің 21 ауласын абаттандыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Тілендиев 36 көшесі бойынша жұмыстар аяқталды. 600-ден астам отбасы тұратын тұрғын-үйде спорттық жаттығу құралдары мен балалар ойын кешенін, футбол алаңын орнату және көлік тұрағын абаттандыру бойынша жұмыстар атқарылды.

Тұрғын-үйлердің аумағында асфальт бетонды жабдық және өтпежолдар қайта қалпына келтірілді. Бұндай жұмыстарды 103 аулада іске асыру жоспарлануда. Футбол және баскетбол алаңдары жөндеуден өтіп, жаңартылып, боялды. Шағын сәулет формаларды жөндеу және ауыстыру бойынша жұмыс атқарылды.

Сондай-ақ тұрғын-үйлердің аумағында жарық қою бойынша жұмыс атқарылуда. Бұндай құрылғыларды 103 мекен-жай бойынша орналастыру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 33 үйдің аумағында 56 шам қойылған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Жыл соңына дейін 105 мекен-жай бойынша жөндеу жүргізіледі. Ағымдағы жылы 229 тұрғын-үйдің ауласын абаттандыру жоспарлануда. Бұл жұмыстар 2017 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109