2877

Тазалық – денсаулық кепілі

30-шы қыркүйек күні Астана қаласында өткен жылпы қалалық сенбілікке 19,5-ден аса адам қатысқан.

Дәстүрлі шараға костюмдерін жұмыс киіміне ауыстырып, ПИК басшылары тазалық күніне өздері шықты. Сенбілікке жалпы қаладағы 435 ПИК-тің 417 -сі қатысты. Олар подъездерді сырлап, әктеп, төбе жабындыларын ауыстырып, тұрғын үй аулаларын жөнге келтірген. Жалпы сенбілікке 175 арнайы техника жұмылдырылған.

Тазалықтың басты алаңына «Есіл» және «Алматы» аудандары айналды. Айта кетейік «Есіл» ауданы ағаш егуден басқа екі ауданға қарағанда алда келеді. Егілген ағаш көлемі 468. Ал, «Алматы» ауданында 410 жасыл желек егілген. Жалпы алғанда қала бойынша 892 жасыл желек егілді.

Тазалық барысында жүзге тарта аула және саябақтар жөнге келтірілді. Тазалық сақшылары осы жолғы сенбілікте басты занарды түскен жапырақтар мен кепкен шөпке аударған. «Паритет» ПИК басшысы Шамиден Тапаевтың айтуы бойынша түскен жапырақтарды мезгілімен тазалау жасыл шөпті қалыпта сақтауға септігін тигізеді.

Осы күні қаланы, аулаларды абаттандырып тазалықты сақтауға қарияларда атсалысты.  Осындай бір игі іс сенбілік таңда «Паритет» ПИК ұжымында басталды. Алдымен  ПИК-ке қарасты аулаларда тұратын 70,75,80 жасқа толған қарияларды құттықтау рәсімі өтіп, сыйлықтар табыс етілді. ПИК басшысы Шамиден Тапаевтың аутуынша осындай еңбек сүйгіш қариялар жастарға үлгі.

«Сіздерге осындай ізгілікті шараға қолғабыс еткендіріңізге алғысымды айта отырып, ұрпақтарыңыз өмірлеріңізді қуанышқа толтырып, махаббат мейірімін сезіндірсін. Біздің үйдің тұрғындарын өмір сүруге құлшындырып, арамызда аман жүріңіздер»,- деп сөзін аяқтады.

Егде жасына қарамастан Владимир Устюжанинов осы сенбі күні үйінде отыра алмаған. Қарттың айтуынша далада жұмыс жасау бір ғанибет. Қариянын құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққанына үш жыл болыпты. Дегенмен реті келсе осындай қоғамға пайдалы еңбектен қолын тартқан емес.

Қала тұрғыны Орынбасар Жакеева ПИК басшысына алғысын айтты.

 «Мен ПИК ұжымына өз алғысымды айтамын. Мен 70 жасқа толғанда да құттықтап еді. Жуықта мен 123 жасқа келген апамен таныстым. Әжемізге Алла қуат берсін, күш-қуаты бойында, әліде тын екен. Сол әжей секілді ұзақ өмір сүрейік, баршаңызға жақсылық тілеймін», - деді.

Осы ауланын қарттары өмірге құштар және белсенді өмір сүреді. Қоғамдық жұмыстарданда шетқары қалмайды.

Нәтижелі тазалық күнінің жалғасы тәтті шайға ұласып, көршілер өткенді еске алып мәре-сәре болды.

Бұл аулада жалпы тазалық шаралары жиі өтеді. Үй тұрғындары сенбілікке отбасыларымен шығады. Барлығында мақсат біреу – өз аулалырында тәртіп және тазалық сақтау.

Мәтін: Әділхан ЕЛЕМЕСОВ

Фото: Әділхан ІЛИЯСОВ


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109