1926

Астанада су басу қаупі бар учаскелер азайды

Астана әкімдігі қала аумағында туындайтын жаңа қауіптің алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын құрды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Осы жоспарға сәйкес, су басу әлеуеті жоғары учаскелердің толық тізбесі жасалған және олардың саны 37-ден 27-ге қысқарған. Әр учаске бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері, көлемі, қажетті материал, қаржыландыру, жауапты адамдар белгіленген. Барлық тұрғын үйлер ескерілген, оның ішінде Ильинка, Өндіріс, Көктал, Железнодорожный, Пригородный, Оңтүстік-Шығыс және тағы басқасы бар. Сонымен қатар, жаңа теміржол вокзалы, әуежай, газ аппаратурасы зауыты аумақтарына ерекше назар аударылды.

Гидротехникалық құрылғылардың қауіпсіз режимде жұмыс жасауы бақылауға алынған және кестеге сәйкес «Астана су қоймасының 2017 жылдың сәуірінен 2018 жылдың наурыз айы аралығындағы жұмыс режимі» бекітілген. «Астана қаласын Есілдің тасқын суларынан қорғау» (Астаналық су реттегіші) объектісінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, аяқталуы 2017 жылдың 15 желтоқсаны.

Көктемдегі су тасқыны көлемін анықтау бойынша «Қазгидромет» РМК мен бірлесіп Мойылды және Есіл өзендері бассейнінің маршруттық тексеру картасы әзірленді (2018 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір айларының бірінші жартысы).

Ең маңызды жұмыс қар шығару. Су тасқынын болдырмау және алдын алу бойынша қала аумағынан қарқынды түрде қар шығару керек. Қыс мезгілінде қала көшелерін тазалауға 1 840 арнайы техника мен үш мыңға тақау жұмыскер жұмылдырылады.

Аэропорттың ұшу-қону алаңын су басу қаупінен сақтау үшін Майбалық өзенінен келетін суды кедергісіз өткізу көлемін арттыру бойынша «Нұра-Есіл» (ұзындығы 5,4 километрді құрайтын) каналының түбін кеңейту және жағалау еңістерін нығайту, (2018 жылдың наурыз айы) қарын шығару қарастырылған.

«Кіші Талдыкөл» өзені және «Ильинка» тұрғын-үй алабындағы дамбаның жан-жағын бекіту бойынша жұмыстар жүреді. Қазір жұмыс көлемінің ауқымы, жұмысқа жауапты мемлекеттік мекеме және құрылыс компаниясы анықталды.

Ал, газ аппаратурасы ауданы аймағында Есіл өзенінің арнасын кеңейту қарастырылған. Қала билігі аталмыш аймақты жиі су басып қалу мәселесі барын айтады. Бұл мәселе Есіл өзенінің арнасын кеңейту құрылысы аяқталған кезде шешілуі тиіс.

Бүгінде ТЖ фактілерін болдырмау мақсатында әзірленген шараларды іске асыруға кірістік, соның ішінде «Жол картасы» шеңберінде  «2017-2020 жылдарға арналған тасқын қаупінің алдын алу және жою бойынша іс-шаралар кешені» және «Арнаны қайта жаңарту жобасы» бойынша № 1, 2, 3, 5-ші жер учаскелерін босату (барлығы 152 жер учаскесін алу көзделген, қазіргі таңда 26 жер учаскесі алынған)». Су тасқынын болдырмау бойынша барлық шара Астана әкімдігінің бақылауында және уақытылы жүргізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109