2608

2018 жылы елорданы абаттандыруға 45,2 млрд теңге бөлінеді

Қалалық мәслихаттың кезекті отырысында бас қаланың «Алматы» , «Сарыарқа», «Есіл» аудандарының 2018-2020 жылдарға арналған бюджет жобасы қаралды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егембердінің берген мәліметінше, алдағы 3 жылда «Алматы» ауданына  55,3 млрд. теңге, «Сарыарқа» ауданына  35,6  млрд. теңге, «Есіл» ауданына  51,1 млрд. теңге жалпы алғанда үш жылда 3 ауданға 142 млрд. теңге бөлу қарастырылған.

Аудандарға бөлінген қаражаттың басым бөлігі көлік инфрақұрылымын дамытуға, жолдардың құрылысы мен оларды жөндеу жұмыстарына және тұрғын үй аулаларын абаттандыруға бағытталады.

«Келер 2018 жылы «Алматы» ауданына  17,9 млрд. теңге, «Сарыарқа» ауданына 11,4 млрд. теңге, «Есіл» ауданына 15,9 млрд. тенге қаржы бөлу қарастырылған», деді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді.

Сонымен қатар, Ерғали Егемберді басқармаларға бөлінетін үш жылдық бюджет қаржысында атады. Мысалы Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 1,6  млрд теңге қаржы бөлу қарастырылған. Бұл қаражат бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін жобалауды аяқтауға, білім және денсаулық, табиғатты пайдалану, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларындағы жобаларды консультациялық сүйемелдеуге бағытталады.

Астана қаласының қаржы басқармасына үш жылдық негізде 98,3 млн теңге бюджет қарастырылған. Бөлінген қаржы жергілікті атқарушы органдардың қызмет көрсету және борышын өтеу, бюджеттік алымдар және жергілікті атқарушы органның резервіне бағытталады.

Астана қаласының коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасына үш жылға 1,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат коммуналдық мүлік объектілерін бағалау, жекешелендіруге жататын мекемелерде аудит жүргізу, көпсалалы «Барыс Арена» мұз айдыны жұмысын қамтамасыз ету, коммуналдық меншік объектілерінің техникалық құжаттамасын дайындау бойынша қызметтерге бағытталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109