1668

Исекешев құрылыс компания басшыларына: «Сіздер үшін әрдайым ауа райы кінәлі!»

Астана әкімі көшені ластайтын құрылыс нысандарының жұмысын тоқтатуды тапсырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Бүгін Әсет Исекешев қаладағы бірнеше нысандар мен шет маңдағы абаттандыру мен санитарлық нормалардың жай-күйін көріп қайту үшін аралауға шықты.

Құрылыс компанияларының ішкі алаңдағы жолдарды тегістеп, тас төсемеу салдарынан және тұрғын үй алабындағы бітпеген жолдардың кесірінен астананың жолдары күз айының жылымық әсерінен тез ластанып кетеді.

Осыған байланысты Астана әкімі Әсет Исекешев елорда аймағындағы абаттандыру ережесін сақтамаған қаланың барлық қызметін сынға алды. 

Астана қаласы ІІД жол-техника инспекциясының мәліметінше, мұндай жағдайдың басқа да себебі бар: құрылыс нысанына баратын көптеген кіреберіс жолдар тазаланбаған, ол аздай жүк көліктері тазалаудан өтсе де қайтадан ластайды. Сол себепті, айыппұл тек көлік жүргізушілеріне ғана емес, құрылыс нысанының басшысына да салынады. 

Жыл басынан бері абаттандыру ережесін сақтамаған 214 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, әкім құрылысы компанияларының басшыларын да тыңдап көрді. Олардың айтуынша, құрылысы алаңының ластанып кетуіне күздің жылымық ауа райы да әсер бар екен. Бұған қала әкімі ауа райы жолдардың ластанып кетуіне себеп болмауын айтты. Басты себеп – ішкі алаңдарда жүретін жолдарға тас төселмеген.

 «Сіздерде әрдайым ауа райы кінәлі! Биыл күздің жылы болғанын түсінемін, десе де басты себеп – санитарлық нормаларды сақтауға деген жауапкершіліктің жоқтығы. Сөз жоқ, Астана – үлкен құрылыс алаңы. Биыл астанада 1 900 нысан салынды, оның 200-і – тұрғын үйлер. Осы жылы 2,5 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бердік», - деді Әсет Исекешев.  

Бұған қоса, әкім тұрғын үй құрылысы мен аулалар мен кіреберіс жолдарды абаттандыру мәселесіне басымдық берді. Осыған орай, ол аудан әкімдері мен қаланың коммуналдық қызметі басшыларына қаланы тәртіпке келтіруді ауа райының құбылмалы кезеңінде күшейту керектігін тапсырды.

Ә.Исекешев Астана қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына полицейлермен бірігіп, абаттандыру нормалары мен ережелерін сақтамаған құрылыс компаниялары мен жүк көліктеріне қатаң шара қолдануды тапсырды. Қысқасы, әкім жұмылдырылған топқа қала бойынша барлық санитарлық нормаларды күн сайын бақылап отыру керектігін тапсырды. Оның ішінде құрылыс нысандары, қоғамдық көлік, аялдамалар, жолды жарықтандыру, үйлердің қасбеті, жарнама ілгіштері және т.б. назардан тыс қалған жоқ. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109