1862

Балаларды қысқы уақытта жарақат алудан қалай қорғаймыз?

Астанада № 84 «Кәусар» ясли-балабақшасында жарақат көп алатын кезеңде балаларға арналған қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Ауа райына байланысты күн сайын сағат 7:30-дан 8:00-ге дейін, 17:00-ден 18:30-ға дейін жолдарға тұз себіледі. Балабақшаның айналасының бәріне балалар тайып жығылмасы үшін жолдарға кілемше төсеп тастадық», - дейді ясли-балабақшаның меңгерушісі Динара Базарбай.

Балабақша басшылығы мүмкіндігі шектеулі келушілерге дейін қамтамасыз етіп қойған. Ғимаратқа кіре берісте мүгедектер үшін резинамен қапталған пандус бар.

«Көзі көрмейтіндер мен құлағы естімейтіндер үшін барлық жерде Брайль шрифтімен жазылған белгілер мен сенсорлы дыбыстық қондырғылар да орнатылған. Мысалы, пандусқа көтерілер кезде көмек қажет болса дыбысты маяк бар. Ол бірінші және соңғы тепкішекке орнатылған. Ал дәретханада қол жуатын жер арнайы еңкіш етіп жасалған», - деп түсіндірді сұхбаттасымыз.

«Жоғарыда келтірілген барлық шаралар біз күтпеген оқиғалардан туындайтын жарақатты азайтуы мүмкін», - дейді Д.Базарбай. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109