Соңғы бес жылда елорданың «жасыл белдеуінде» 2 млн түп көшет отырғызылды
2019-2030 жылдар аралығында Астананың «жасыл белдеуінде» 3,6 млн түп ағаш отырғызылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Соңғы бес жылда жасыл белдеу аймағында 1 589,2 га аумақта 2 127 660 ағаш отырғызылды. Оның 51% қылқан жапырақты (шырша, қарағай) және 49% жапырақты (емен, шегіршін, жиде) сұрыпты өсімдіктер.
Алдағы жылы отырғызылатын өсімдіктер тізімі жасақталды. Атап айтқанда, 207 464 түп бұтаның 51 196 қылқан жапырақты, ал 156 268 жапырақты болып табылады.
«Осы жылы «Жасыл белдеудің» «Оңтүстік-батыс бөлімі» және «Талдыкөл жинақтауы» аумақтарында орманды қалыптастырушы ағаш сұрыптарын отырғызу арқылы «Өсімдіктер реконструкция және екінші қабылдаудағы орман мәдениетін қалыптастыру»жобасының 1, 2 кезеңі игерілді. Сондай-ақ, аталған жобаның 2 және 3 кезеңдерін «Әуежай, 1 кезеңін» игеру жұмыстары жүргізілуде», - делінген Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы таратқан хабарламада.
Сонымен бірге қала ішінде 452 га көпжылдық шөптер отырғызылды.
Алдағы уақытта 2019-дан 2030 жылдар аралығында жобаның 4, 5, 6 кезеңіне сәйкес қолданыстағы 7 556 га жердің 2 332 га аумағына 3,6 млн түп бұта ағаш отырғызу көзделген. Сондай-ақ, 1 650 га аумақта көпжылдық шөптер отырғызылып, биотоптама жасалды.
Айта кетейік, Астана айналысындағы «Жасыл белдеу» аумағының ауданы 14 827 га құрайды, оның 11 500 га өсімдікпен қамтылған. Онда барлығы 9,6 млн ағаш пен 2 млн бұта бар.
Қазіргі таңда қаладағы жасыл желектің жалпы саны 714 мың түпке артық. Осы жылы жалпықалалық сенбіліктерді есепке алғанда қалада 30 мың ағаш отырғызылды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz