1342

Астанада апатты үйлердің орнына гүл бағы салынады

Келесі жылы сүрілген апатты және тозығы жеткен үйлердің орнына 14 гүл бағы мен желекжол (бульвар) салынады, деп хабарлады елорда әкімдігінің медиа орталығы. Бұл туралы ауа тазалығы бойынша өткен  брифингте табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұса Танабаев мәлімдеді.

Биыл Астанада 30 мыңнан аса ағаш отырғызылды. 

«Осы жылы қаланың оңтүстік-батыс бөлігі мен Талдыкөл су қоры, әуежай жаққа қарай болашақта орманға айналатын жасыл желектер отырғызылды», - деді М.Танабаев. 

Қазіргі таңда елордада 10 саябақ, 4 бульвар, 95 гүл бағы (сквер) бар. Оның бесеуі 2017 жылы ашылды. 

Келесі жылы 14 гүл бағы мен желекжол бас қаланың сәнін аша түспек. 

«Осы айтылған саябақтың көбісі қалалықтардың өтініші бойынша сүрілген үйлердің орнына салынатын болады», - деді басқарма басшысы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109