Есіл ауданы бойынша жүзеге асырылған жобалар мен шешілген мәселелер
Ауданда 68 көпқабатты тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Ол - 11 176 пәтер, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
№ 17 орта мектепке жапсарлас нысанның құрылысы аяқталды. 5 орам ішіндегі аумақы қалпына келтіру, 233 қоқыс алаңын жөңдеу және 13 жаңа контейнер алаңының салынды. Бұған қоса 270 тұрақ орындары жасалып, 23 тұрғын үй кешеніндегі 23 орамішіндегі жолдар жөңдеуден өтті. 5 мекен-жай бойынша жарықтандыру құралы орнатылып, жергілікті бюджет есебінен 18 үй мен 1 672 пәтер орталық жылумен қамту жүйесіне қосылды. Апатты үйлерді күреу жобасын жүзеге асыру аясында жыл соңына дейін Заречный және Пригородный тұрғын алаптарында 223 пәтердің 816 тұрғыны тұрғынжайын жақсартады. Бұған қоса ағымдағы жылы 12 мың ағашотырғызылды.
Аудан аумағында «Инфинити-1», «Арман қала», «Времена года» ТК қарттардың бос уақытын өткізуге арналған орталық ашылды.
Жыл соңына дейін осындай тағы үш орталық ашу жоспарланып отыр.
Үркер тұрғын алабында республикалық ұлттық киокушинкай-кан каратэ спорт мектебі мен полицияның кезекші бөлімшесі ашылды.
2018 жылы 30 ауланы абаттандыру және үш мекен-жай бойынша жөғдеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспары бар. Жеке инвестициялар есебінен Үркер тұрғын алабында спорт кешенінің, ал Пригородныйда жалпы білім беретін мектеп пен мәдени-сауықтыру орталығы мен гүлзар салу көзделіп отыр. сонымен бірге жаңа медициналық орталық ашу міндеті тұр.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz