Сарыарқа ауданындағы жүзеге асырылған жобалар мен шешілген мәселелер
Сарыарқа ауданында 695 аула мен аула аумағы бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Ағымдағы жылы 22 мекен-жай бойынша орамішіндегі тұрғын үйдің аумағы абаттандырылып, 22 балалар алаңы ауыстырылды. Бес жерге футбол және баскетболға арналған алаң мен 6 жаттығу алаңы жабдықталды.
Жолдарды жөңдеу бағдарламасы аясында ауданда 32 көшеге орта деңгейдегі жөңдеу жұмысы аяқталды. Көктал және Өндіріс тұрғын алаптарының 13 көшесі жарықтандырылды.
2018 жылы 8 ауланы абаттандыру көзделіп отыр. сондай-ақ Өндіріс тұрғын алабында - 16 көше, Көкталда - 25 және Агроқалашықта - 34 көшеге орташа жөңдеу жұмысын жүргізу жоспарланып отыр.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz