Әкімдік қалалықтардың саламатты өмір салтымен айналысуын толығымен қолдайды
2017 жылы астанада спорттық және жаттығу алаңдары салынып, қайта жөндеуден өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
38 спорт және 34 жаттығу алаңы салынып, қайта жөндеуден өтті, балалар ойнайтын 1 272 және 288 жаттығатын алаң орнатылды.
Барлығын қосқанда Астанада 1 536 аула аумағы бар. Биыл соның 177-сі кешенді түрде абаттандырылды. 146 мекенжай бойынша ішкіорамдағы жолдарға асфальт төселді.
Келесі жылы 199 аулаға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, оның 33-ін қоғамдық жерлер құрайды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz