2217

Есен Елеукен, «Қазақстан КТК» одағының президенті: «Қала жаяу жүргіншілер үшін де жайлы болу керек»

Жеке көлігім болмаса да Астанада ақылы автотұрақты енгізу баяғыдан пісіп жетілген мәселе болатын. Мен мұны қатардағы елорда тұрғыны ретінде айтып отырмын. Себебі, қала тек көлік иелері үшін ғана емес, жай қарапайым жаяу жүргіншілер үшін де қолайлы болуы тиіс.

Өзіңіз қараңыз, астанада күн сайын көшеден не көреміз? Ығы-жығы қарбалас сәт, жол шетіне қалай болса солай қойылған көліктер қозғалысты одан сайын қиындатып, кептеліске апарып соғады. Ол көліктерді бір жерге әйтеуір құрту керек қой? Ол бұрыннан белгілі жайт еді. Бірақ қайда? Жауап қарапайым: адамдарға ақылы түрде көлігін қалдырып кете алатын арнайы орын бөлуді қарастыру керек.

Сол себепті, Нұржол желекжолынан алғашқы пилот ретінде таңдағаны дұрыс шешім болған. Қараңыз, ол жерде қаншама кеңсе, тұрғын үй кешендері, ресторан, дүкендер бар. Бәріне сол жерге бару керек, ал көлікті қалдырып кететін жер жоқ.

Бір жайт анық: жайлылық үшін ақы төлеуің қажет. Егер автобуспен, таксимен жүргіңіз келмей, жеке көлігіңізбен тезірек жетіп, қаншама шаруаңызды бір мезетте бітіріп келуді ыңғайлы деп тапсаңыз, одан неге қаланың басқа тұрғындары зардап шегуі тиіс? Сіздің күні бойы Мәңгілік ел, Қонаев көшесіндегі «Нұрсая-1», «Нұрсая-2», Нұржол желекжолы, «Қазмедиа Орталығы», ҚТЖ ғимараты т.б. жанындағы жол шетіне қалдырып кеткен көлігіңіз өзгелерге кедергі келтіреді. Кейбіреудің азғана уақытқа Ұлттық кітапхана мен Бәйтерекке бас сұғып кетейін десе, көлігін қайда қоярын білмейді.  

Ақылы автотұрақты енгізудің тиімділігі сол: бұл жоба көлік магистраліндегі қаптаған автотұрақтың жүгін төмендетіп, көше бойындағы бөгеліп тұрған көліктерді азайтады. Оның үстіне, қалада бұған жарқын мысал болатын «Астана» теміржол вокзалының маңайындағы ақылы автотұрақ бар. Мұнда көлік те, әсіресе такси де жеткілікті. Ол жерде автокөліктің өткізілуі барысы ұлғайғаны байқалады, ал кептеліс кәдімгідей азайып қалған. Қазір ол жерде жүргізушілер айналшықтап көлік қоятын орын іздеп жүрмейді, ал бұрын тәулік бойы қаптаған заңсыз такси жүргушілерінен босамайтын. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109