3719

Қарақат Әбден: мемлекеттің ҰЕҰ жобасымен бірлесуі гендерлік балансты қолдауды қалыптастырады

Существенное влияние на устойчивость семьи оказывают модели гендерных отношений. Чем выше уровень гендерного равенства, тем больше ответственности, паритетности и результативности в выполнении членами семей своих бытовых, экономических, нравственно-воспитательных, защитных и других важных функций.

Отбасының берік болуына ықпал ету гендерлік қарым-қатынастың үлгісін қалайды. Гендердік теңдіктің деңгейі жоғарылаған сайын жауапкершілік те, паритетті және отбасының тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік тәрбиесі, қорғанышы мен басқа да функциясын отбасы мүшелері нәтижелі етіп атқаратын болады. 

Отбасы күні қарсаңында «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институтының ҚБ төрайымы Қарақат Әбден гендерлік саясатты дамытуда іске асырылған жобаның ролі туралы және үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың бірлесіп атқарған жұмысының нәтижесі туралы айтып берді.

Астана әкімдігі – гендерлік саясатты бірінші қолдаушы 

Астанада жастардың ішінде қыздардың мәдени-инабаттылық тәрбиесін нығайту мақсатында патриотизмді күшейтіп, ұлттық тәрбиенің арнасын қайта жаңғырту үшін жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалар іске асырылуда.

Әкімдік ҮЕҰ бірлесіп 8-бен 18 жастағы қыздарға қосымша білім  беру жобасын іске асырды, онда қыздардың тәрбиесі мәдени-инабаттылыққа бағытталған, қыздарды үздік қазақы және еуропалық мәдени-адамгершілік дәстүрлерге баулу, қалалық өркениетті-мәдени кеңістікте таралған оң беделі мен қазақ қызының статусын қайта жаңғырту және қазақ адамгершілік нормалары мен қыз тәрбиесіндегі қағидаларды танымал ету. «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институтынан аз қамтылған отбасылардан шыққан 450 қыз оқудан өтті. Сонымен бірге аталмыш бағдарлама бойынша 2017 жылдан бастап балалар үйіндегі 35 қыз білім алуда.

Айта кетейік, Астана әкімдігінің өскелең қыз баланы тәрибелеудегі тәжірибесі өзге аймақтарда да қолданылуда. ҮЕҰ мен жергілікті атқарушы органдардың бірлесіп жұмыс істеуінің нәтижесінде осы жылдың мамыр айында Шымкентте де «Қазақ қызының» филиалы ашылды, ал қазан айында Ақтөбеде филиалы ашылады деп жоспарлануда.

Біз осы қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмақ емеспіз. Жастардың саны өсіп келеді, бүгінде қыздар мен болашақ ана болатындар, отбасының ошағын сақтаушылар алдында  болашақ ұрпақты тәрбиелеудің міндеті тұр.

Өскелең ұрпақпен әрдайым диалог алаңын құру керек, оларға дұрыс бағдар беріп, қолдау қажет.

Сол себепті осы жылы қаладағы орта және жоғары оқу орындарындағы қыздармен 40-тан астам кездесу ұйымдастыру жоспарланды.

ҮЕҰ гендерлік саясатты дамытудағы ролі

Айта кетейік, соңғы үш жылда мемлекет 300-ден астам жобаны қолдады, оның үштен бірін әйел кәсіпкерлер басқарады.

Бүгінде елдің қоғамдық-саяси өмірінде үкіметтік емес ұйымдар үлкен роль ойнайды. Астанада әйелдердің құқын кеңейту мен мүмкіндіктері туралы мәселемен 20 ҮЕҰ белсенді түрде айналысады.

Солардың арасында «Кәсіпкерлер әйелдер одағы», «Құқық» ҚҚ, «КЗ» ҚҚ, «Көмек» уақытша баспана орталығы», «Әлем әйелдерінің достық орталығы» ҚБ, «Келешек» психологиялық орталығы» ЖШС, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы», «Қазақстан әйелдері қауымдастығы» ҚБ, «Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы» және басқалары барын айта кеткім келеді.

Отбасы – гендерлік саясатты дамытудың іргетасы

Мемлекет гендерлік саясатты дамытуға үлкен көңіл бөлуде. Осының шеңберінде астана әкімдігі отбасы институтын күшейтуге және отбасы құндылығын ілгерітуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруға белсенді түрде қатысып келеді.

Жыл сайын өтетін үлгілі және отбасылық династиялар қатысатын қалалық «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына тұрақты түрде қаржы бөліп отырады.

Отбасы институты қорғалуы тиіс және мемлекеттің барлық қолдауы қажет. Ана сүті арқылы біз жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіреміз, өзіміздің ұлттық кодымызды сақтаймыз, отбасының мықты тірегі әке арқылы бала өмірге деген сенімділік пен отбасы дәстүрі арқылы рухани, бай, интеллектуалды тұлға болып шығады. Тек қана іргесі мықты, тәрбиелі, бақытты отбасында ғана өзіндік көзқарасы бар тұлға қалыптасады және еліміздің болашақ азаматтарына лайық тәрбие беріледі. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109