1445

Тұңғыш Президент мұражайында «Гейдар Алиев және оның кезеңі» көрмесі ашылады

«Мәдениеттер арқылы сұхбат» халықаралық көрме жобасы аясында Астанадағы Тұңғыш Президент мұражайында «Гейдар Алиев және оның кезеңі» көрмесі ашылады.

«Мәдениеттер арқылы сұхбат» халықаралық көрме жобасы аясында Астанадағы Тұңғыш Президент мұражайында «Гейдар Алиев және оның кезеңі» көрмесі ашылады.

 Экспозицияны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорымен бірге Қазақстандағы Әзірбайжан Республикасының Елшілігі ұйымдастырған. Ол әзірбайжан халқының жалпыхалықтық көшбасшысы Гейдар Әлиевтың туғанына 90 жыл толуына арналып өткізіліп отыр, - деп хабарлайды, Тұңғыш Президент Мұражайының баспасөз қызметі.

Бұл мерейтойлық іс-шаралар аясындағы кеңестік мемлекеттер басшыларына арналған екінші көрме, - деп атап көрсетеді мұражайдың баспасөз қызметі.  2012 жылдың маусым айында Ресей Федерациясының тұңғыш Президентінің 80 жылдығына арналған «Борис Ельцин және оның кезеңі» көрмесі өткізілген болатын.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайын Әзірбайжан Елшілігімен арадағы серіктестік қарым-қатынастар тығыз байланыстыруда. Елбасының жеке мұрағаттарында сақталған тарихи суреттер мен құжаттар, кейбір жылнамалар біздің елдің туысқан әзірбайжан мемлекетімен мықты достық байланыстары мен бірге бір-біріне деген асқан құрметтері осындай үлкен дәрежеде екендігін тағы да бір нақтылай түседі»,- деп атап көрсетеді баспасөз қызметі.

Мұражай қорларында Әзірбайжанның тарихы мен мәдениеті туралы құнды бағалы кітаптар сақталған.  Көрме экспозициясына, сондай-ақ, біздің елдегі Әзірбайжан Елшілігі ұсынған фотографиялар да қойылған.  

Көрменің ашылуы ертең, 3 мамырда 17.00-де ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайында өтеді.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109