Астанада 16 қыркүйекте жолдарды жабады
«AstanaMarathon-2018» марафонын өткізуге байланысты, 16 қыркүйекте (жексенбі) сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін марафонға қатысушылардың жүгіру бағыты бойынша транспорт құралдарының қозғалысы толықтай жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«AstanaMarathon-2018» қатысушылары екі қашықтықты еңсеруі тиіс: 10 км-ден 42,2 км-ге дейін.


Бұдан басқа, 11 автобус бағытындағы қоғамдық көліктің де қозғалысын уақытша тоқтату жоспарлануда.
Осыған байланысты ІІД Әкімшілік полиция басқармасы астана тұрғындары мен қонақтарынан автокөліктегі қозғалыстарын алдын ала жоспарлап, жабылған көшелерде кептеліс тудырмауын сұранады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz