iKomek бірыңғай байланыс-орталығына өтініш берудің жаңа тәсілі
Енді қала қонақтары мен тұрғындары iKomek бірыңғай байланыс-орталығына өтініштерін Астана қаласы әкімдігінің жаңарған сайты - www.astana.gov.kz арқылы да жолдай алады.
Ол үшін: жеке кабинетте тіркеліп, хабарлама қалдырса болады, егер болған жағдайда видео/фото жүктей аласыз. Осыдан кейін сіз өтінішіңіздің қаралғанын және оның орындалуына кімнің жауапты екендігін көре аласыз. Сіздің назарыңызға қалай тіркеліп, қалай өтініш беруге болатыны туралы бейнеролик ұсынамыз!
Айта кетейік, iKomek бірыңғай байланыс-орталығы 365/24/7 кестесінде жұмыс жасайды.
iKomek-ке басқалай да тәсілдермен өтініш қалдыру жолдары:
- Telegram чат-ботына хабарлама жіберу: https://t.me/astanaikomek109_bot;
- Астана қаласы әкімдігінің сайтына өтініш қалдыру: www.astana.gov.kz;
- әлеуметтік желіде жазған өтінішіңізді #astana109 хештегімен белгілеу.
Өзекті ақпарат:
Facebook www.facebook.com/astana109/
Instagram www.instagram.com/astana109/
Telegram-канал https://t.me/astana109112
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz