Астана аэропортында антитеррорлық оқу-жаттығу өтуде
Бүгін сағат 09:00 мен 13:00 аралығында Елордалық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабы «Нұрсұлтан Назарбаев» атындағы халықаралық әуежай және «Air Astana» АҚ қызметтерімен бірлесіп аэропорт аумағында антитеррорлық жоспарлы оқу-жаттығу өткізуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараның мақсаты -ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен әуежай қызметтерінің бірлескен іс -қимылын пысықтау, жетілдіру бойынша және ЖББОМ күштері мен құралдарын көлік объектілеріндегі террористік көріністерге шұғыл ден қою, әрекет ету.
Оқу-жаттығу әртүрлі элементтерге байланысты жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылған.
Елордалық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабы қала тұрғындары мен қонақтарынан оқу-жаттығу кезіндегі туындайтын ыңғайсыздықтар мен қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністікпен қарауға шақырады және жауапты қызметтердің айтқан нұсқауын бұлжытпай орындауды өтінеді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz