6210

Астана құрылыс компаниясы мен Қарағанды облысының тауар өндірушілері әріптестік туралы 11 меморандумға қол қойды

Бүгін «Барыс – Арена» сарайында Астана қаласы мен Қарағанды облысының тауар өндірушілерінің форумы болып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Форумда отандық тауар өндірушілер құрылыс ұйымдары мен қала супермаркеттеріне өздері шығарған өнімдердің үлгілерін таныстырды. Сонымен қатар, Астана қаласы мен Қарағанды облысының тауар өндірушілері мен әлеуетті тұтынушылар арасында В2В диалогы өтті.

«Астана аймақтар үшін өсудің нүктесіне айналды. 2 млн жуық баспана беріледі, тамақтану бойынша өнімнің көлемі 350 млрд теңгеден астам. Біз аймақтағы өзіміздің әріптестермен кооперация жасауға дайынбыз. Осыдан екі ай бұрын Қарағанды облысымен кездескен болатынбыз. Қазақстан өнімдерін дайындап, іске асырудың көлемін ұлғайту үшін бірігіп күшеюіміз қажет», - деді Астаналық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Абдықадыров.

Кездесудің нәтижесінде Астана құрылыс компаниялары мен Қарағанды облысының тауар өндірушілері арасында өзара әріптестік туралы 11 меморандумға қол қойылды. Сарапшылардың айтуынша, екіжақты келісім бүгін, ертең туындайтын бизнесмендердің сұрақтарына жауап бере алады. Осылайша қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеті мен экономика жоғарылай түспек.

«Осы келісімнің арқасында біз дүкендер мен супермаркеттердің сөрелеріне импортталған тауар мәселесін шеше аламыз және отандық тауар өндірушілерге қазақстандық өнім нарығына шығуына мүмкіндік береміз. Бұдан тек тұтынушылар ғана емес, өзге де адамдар отандық тауар туралы біліп, тапсырыстың көлемі ұлғая түседі, кәсіпорындарда жұмыс жүріп, қосымша жұмыс орындары ашылады. Жалпы алғанда бұл кәсіпорынның дамуына түрткі болып, Қазақстанда шағын және орта бизнес дами түседі», - деп түйіндеді Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өнеркәсіпті дамыту және экспортты жылжыту, АЭА дамыту бөлімінің басшысы Ерлан Бақаев.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109