5866

Астана әкімі елорданың жылу маусымына дайындығын тексерді

Бүгін Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көшпелі отырыс өткізді және қаланың тыныс-тіршілігіне жауапты қалалық коммуналдық кәсіпорындарға барды, оның ішінде – «АРЭК» АҚ, «Астана су арнасы», ЖЭО-2.

Қаланың тіршілігіне жауапты негізгі коммуналдық кәсіпорындардың жұмысы туралы оның орынбасары Қосман Айтмұхаметов баяндады. Аралау барысында Б. Сұлтанов «АРЭК» АҚ, «Астана су арнасы» және ЖЭО-2 барды. Қ. Айтмұхаметовтің айтуынша, қазіргі таңда қаланы жылу маусымына дайындау жұмыстары аяқталуға жақын. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың жылуға дайындығы 97 % құрайды. 12 км су құбыры және 5 км кәріз желісі қайта жөндеуден өтті. Бақыт Сұлтанов осы жұмыстарды ерекше бақылауға алуды тапсырды.

«Біздің жұмысымызды тұрғындар қызмет көрсету сапасы арқылы бағалайды. Біз барынша қолайлы жағдай жасауымыз керек, әсіресе жылу маусымы кезінде. Су, жылу, жарық үзіліссіз берілу керек», - деді Б. Сұлтанов.

Сондай-ақ Астана әкімі Қалалық «iKomek» жедел әрекет ету орталығының жұмысымен танысты. Бүгінде «iKomek» орталығы дер кезінде кемшіліктерді жоюды үйлестіріп отыратын құрал ретінде әрекет етеді және астананың «тыныс-тіршілігіне» мониторинг, талдау жасайды. Тұрғындардың 77% арыз-шағымы бірінші қоңыраудан-ақ шешімін тауып, аталмыш көрсеткішті 85% дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы Б. Сұлтановқа орталықтың басшысы Жанат Дубирова айтып берді.
Кезекті аралаудың соңында Б. Сұлтанов № 27 көшедегі жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары бойынша көшпелі кеңес өткізді.

Бүгінде Астана қаласының жол-көше желісі 1039 көшеден құралады, жалпы ұзындығы 1102,32 км, оның 837,82 км (немесе 76%) асфальтбетон төселген, қатты жабындысыз төсем – 264,5 км (24 %). Инженерлік кешен 8 көлік жол айырығынан, 17 автожол көпірінен, 5 жаяу жүргіншілер көпірінен, 9 өтпежолдан тұрады.

Қ. Айтмұхаметовтің айтуынша, ұзындығы 71,8 шақырым 98 көшені салып, жөндеу жоспарланған, оның ішінде 22 магистральді қала көшелері, ұзақтығы 20,8 км және 65 көше, ұзындығы 35,3 км тұрғын алаптарында салынды. Орташа жөндеу жұмыстары барысында 15,7 км жолдың 11 көшесіне төсем жасалынды.

Б. Сұлтанов құрылыстың қарқынын жылдамдатып, алғашқы суық түскенше жолдарды мерзімінде беруді тапсырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109