4926

Аппараттық кеңесте қала тіршілігінің негізгі мәселелері қаралды

Бүгін қала әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті, онда көлік, үлестік құрылыс, көмір, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету, қаладағы криминогендік жағдай қаралды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы проблемалық мәселелер бойынша Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун баяндады.

Оның айтуынша, соңғы аптадағы ВАК-тың отырысында 28 нысан қаралған.

ВАК-тың жұмыс нәтижелері бойынша басқарушы «Орда Инжиниринг» ЖШС-і компаниясы «Азбука жилья» компаниясына қарасты барлық алты объектінің жобалау-сметалық құжаттарын «Мемсараптама» РМК қарауына берген. Сондай-ақ, «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС уәкілетті компаниясына қаржылық және техникалық аудит қорытындысын қарау ұсынылды.

12 қыркүйек күні «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС уәкілетті компаниясы «Шығыс» тұрғын үй топтары 1А, 1В, 2А, 2В, 4 (1-кезек) (үлескерлердің саны – 1 803) проблемалық объектінің құрылысын аяқтау бойынша бірлескен қызмет туралы шарт жасасқан.

Көмір нарығы, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету бойынша және жылыту маусымына дайындық бойынша әкім орынбасары Қосман Айтмұхаметов айтып берді.

Қосман Айтмұхаметовтың айтуынша, бүгінгі таңда қаламыздағы мұнай базаларындағы мұнай өнімдерінің қорлары төмендегідей:

- дизель отыны – 11,84 мың тоннаны құрайды, бұл қаланың 23 күндік сұранысын жабады (жалпы қажеттілік 15 мың тонна).

- АИ 92 – 19,23 мың тоннаны құрайды, бұл қаланың 19 күндік сұранысын жабады (жалпы қажеттілік 30 мың тонна).

Қазіргі күнде қаладағы қатты отын қоры жеткілікті. Тек өткен жұмада ғана қалаға 110 вагон көмір келген, ол дегеңіміз 7617 тоона. Оның – 3462 тоннасы Шұбаркөл (50 вагон), 970 тонна Қаражыра (14 вагон), 346 тонна «Богатырь көмір» (5 вагон), 2839 тонна Майкөбе (41 вагон). Бұл көрсеткіштер өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда екі есеге өскен.

Көмір бағасы көмірдің сапасына сай бір тоннасына 8500 бен 14 500 теңге аралығында.

14 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы көмір қоры – 6118,6 тоннаны құрайды.

Сонымен қатар, Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір сатушылармен қатты отын бағасын көтермеу бойынша меморандумға қол қойылған. Әкім орынбасарының айтуынша, көмір нарығындағы жағдайға күн сайын мониторинг жүргізіліп, бақылауда. «iКөмек» орталығында жедел әрекет ету байланысы орнатылған.

Криминогенді жағдай және құқық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар бойынша ішкі істер департаментінің бастығы міндетін атқарушы Марат Қожаев баяндады.

Оның дерегінше қаладағы жағдай бірқалыпты. Тонау, ауыр дене жарақатын салу және кәріз люктерінің ұрлығы тіркелмеген. Тонау бойынша 11 қылмыс ашылған, 9 адам ұсталды. «Участок» ЖАШ өткізу нәтижесінде жасөспірімдер арасында қылмыс тіркелмеген. Сондай-ақ, қоғамдық орындардағы қылмыс саны төмендеген (60 – 258-ден 198-ге), сонымен қатар, көшедегі қылмыс (1 – 141-ден 140-қа).

Бейнебақылау камераларының көмегімен 29 қылмыс пен мыңнан астам (1165) әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жедел әрет етудің нәтижесінде 85, бұрын жасалғаны – 72, өткен жылдардан қалған -5 қылмыс ашылған. Іркес-тіркес салынған жалға берілетін үйлер тексерілуде. Оларда нақты тұрмайтын тұлғаларды тіркегені үшін 30 тұрғын үйдің меншік иесі жауапкершілікке тартылды, оның ішінде – 10 қайта жауапқа тартылған.

Барлық фактілер бойынша ақпарат МКД жіберілді, тұрғындармен профилактикалық әңгімелесу өткізілген.

Қаладағы қоғамдық көліктердің жұмысы туралы «Астана ЛРТ» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов баяндады.

9 мен 15 қыркүйек аралығында көлік картасын пайдаланудың орташа үлесі 93% құраған.

Жоғарыда айтылған есептік кезеңде қоғамдық көлікте көліктік бақылау департаменті қызметкерлері 433 тәртіп бұзуды анықтаған, оның басым көпшілігі жол ақысын төлемеу бойынша (393 адам). Максималды жолаушылар ағыны 742 мың деңгейінде тіркелген.

Сонымен қатар, Б. Игенбердинов 3 қыркүйектен бастап жол ақысын SMS және QR-код арқылы төлеуге болатынын айтты (Halyk Bank және Beeline-мен бірлесіп). Төлемнің баламалы әдістерін Қоғамдық кеңес және Астана қаласының мәслихаты мақұлдады, әкімдік қаулысына өзгерістер енгізілді.

Барлық оқушыны транспорттық картамен қамтамасыз ету мақсатында оқушылардың қоғамдық көлікте 40 теңгеге жүру құны 1 қазанға дейін ұзартылды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109