4986

Ай сайын өтетін мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі болды

Астана басқармаларының мамандары азаматтарға мемлекеттік қызмет алу туралы кеңестер берді. Көшпелі түсіндіру жәрмеңкесіне 9 басқарма қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Рахмет» СҮ ай сайын болатын азаматтарды мемлекеттік қызметті алу мәселесі бойынша кеңес беретін жәрмеңке өтті. Кездесуді Астана қаласы бойынша ҚР мемлекеттік қызмет ісі жөніндегі және жемқорлыққа қарсы агенттігі департаменті «Сарыарқа» ауданы әкімдігімен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты - мемлекеттік қызметтерді алуға кеңестік жәрдем беру және халық арасында электронды мемқызметті танымал ету.

- Аталмыш шараны біз айына бір рет адамдар көп жиналатын жерде өткіземіз. Басты мақсатымыз – халықпен кері байланысты нығайту. Шарамыз сұранысы көп мемқызмет түрлерін алудың ережелерін түсіндіру. Мәселен, әділет департаменті, мемтабыс, білім, медицина, Жұмыспен қамту орталығы. Біздің халықпен кездесулеріміз 2017 жылдың қарашасынан бері өткізіліп келеді. Осы аралықта шамамен 11 кездесу өткізілді, - деді Астана қаласы бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және жемқорлыққа қарсы агенттігі департаментінің өкілі Айжан Мугалиева.

Мұндай кездесулер барысында электронды форматпен өтініш беруді түсіндіруге көбірек көңіл бөлінеді.

- Біз өтініш берудің және egov.kz «Ашық үкімет» сайтына электронды форматпен жүгіну туралы өткіземіз. Мақсатымыз онлайн хабарласқан адамның үлкен кезек күтіп тұрудан қашып, уақытын үнемдеуге болатынын көрсету, - деп түйіндеді азаматтқ хал актілерін тіркеу бөлімінің жетекшісі Бақытгүл Шайкенова.

Айта кетейік, бүгінгі кездесуге құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы, денсаулық сақтау, білім, мемлекеттік табыс, ІІД көші-қон қызметі және басқалар қатысты. Ашық кездесу шеңберінде сауда орталығына келушілер өздерін мазалап, қызықтырған сауалдардың бәріне жауап алды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109