3230

Мемлекеттік қызметке қызығушылардың саны арта бастады

Қала әкімдігінде бос орын лауазымдарына кандидаттар саны арта түсті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің астаналық департамент басшысы Жазира Жылқышиеваның айтуынша, қызығушылықтың көбеюі жергілікті атқарушы органдардың еңбек ақысының жаңа апробациялық жүйесін іске қосуымен байланысты болған.

«Мемлекеттік қызметшінің еңбегін бағалау оның жеке индивидуалды бағдарламаны орындауына байланысты, онда қызметшінің функционалдық міндеті мен орындауы тиіс нәтижелер тізімі жазылған. Бұдан басқа, бұрын мемқызметшінің жалпы еңбек өтілі есепке алынса, қазір оның функционалдық бағыттағы осы тектес лауазымдағы тәжірибесі басты назарға алынады. Мысалы, егер қызметші маман лауазымында 2 жыл жұмыс істесе, оның басшысы осы тәжірибесі үшін жалақы бөлген кезде қоса есептейді», - деді департамент басшысы. 

Оның сөзінше осындай қадамды Франция, Германия, АҚШ сияқты алдыңғы қатарлы елдер қолдануда.

Осы жүйеге сәйкес қатардағы жергілікті атқарушы органның жұмысшысының еңбек ақысы 2,5 есеге көбейді, ал басқарма мен оның орынбасарларының жалақысы 15-20 % жоғарылады. 

Жаңа жүйені енгізгелі 8 ай ішінде мемлекеттік қызметке деген сұраныс айтарлықтай арта түскені байқалды.

«Бұрын бос орынға 2-3 адам ғана өтініш берсе, қазір бір орынға 20-дан аса адам өтініш беруде. Бұл дегенің қазір мемлекеттік қызметтің беделі артып, оның ішінде Астананың жергілікті атқарушы органдарының ішінде бірден өсе түсті», - деп түсіндірді Ж. Жылқышиева. 

Сондай-ақ жұмыстан кетуші мамандардың да саны азайған. 8 айда астаналық жергілікті атқарушы органдардың барлығында небары 18 адам жұмысынан кеткен, ал Астана қалалық әкімі аппаратынан 4 адам ғана кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік еңбек ақысының жаңа жүйесі жыл басында Астана әкімдігі енгізген қайта құрылымдау кезінде факторлық-балдық шкала негізінде жасалды. Астанадағы 32 атқарушы мемлекеттік органнан 24-і ғана қалды. Басшылық құрам азайтылды. Бірақ, қатардағы қызметкерлердің штатын қысқарту байқалмады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109