4209

Ескі лифтіні қалай жаңасына ауыстыруға болады

Қала тұрғындарының барлығын да лифт мәселесі жиі мазалайды және ол Астана әкімдігінің де назарында.

Қазір Астанадағы кей үйлерде лифті бойынша мәселелер бар. Кей үйлердегі лифтілердің қызмет көрсету уақыты өтіп кеткен, кейбірінде сапасыз лифті орнатылған. Лифтілерге қызмет көрсету бойынша ПИК тұрғын үй кооперативтеріне қарасты болса да, қала әкімдігі туындаған мәселелерді шешуге ықпал етуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жергілікті мекемелерге «Аймақтарға көмек 2020 бағдарламасы шеңберінде» түрлі қолдау жасалуда.

ПИК және үй тұрғындары тозығы жеткен немесе сапасы нашар лифтілерді мемлекет тарапынан берілетін көмек қарыз (ссуда) арқылы шешулеріне болады.

Тек лифтіні ауыстыру бағдарламасына сәйкес мұндай шешімдер үй тұрғындарының жалпы жиналысында шешілуі керек. Егер тұрғындар өзара келісімге келсе тиісті хаттама мен құжаттарды  Астана қаласы әкімдігінің қалалық ортаның сапасын бақылау басқармасына өткізеді. Тапсырылған құжаттар негізінде лифтіге техникалық зерттеу жәнеи экономикалық сараптама жүргізеді.

Бағдарламаға қатысу үшін «Өркен қала» ЖШС бару керек. Ол жерде тиісті мамандар тұрғындарға сметалық құжаттаманы толтыруды, мердігер ұйымды, лифт маркасын таңдауды, сондай-ақ орындалған жұмыстарды қабылдау барысына қатысатын болады. Лифтіні орнатуға байланысты барлық жұмысты тұрғындар қадағалап отыратын болады. Ал алынған көмек қарызды қайтаруға келсек, қаржыны мемлекеттен 15 жылға алуға болады. Әр пәтер иесі айына шамамен 2-3 мың теңге төлейтін болады.  

Осы бағдарлама аясында биылдың өзінде Бөгенбай батыр даңғылы 28,  Күмісбеков 6,  Петров 20 үйлеріне орнатылды. Жыл аяғына дейін 20 жеделсаты орнату жоспарда. Олар Жангелдин 3 және Кубрин 20/1 үйлеріне орнатылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109