3709

Астана әкімі 7 жасар баланы құтқарып қалған азаматты марапаттады

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов оныншы қабаттың балконынан құлап кете жаздаған баланы құтқарып қалған Артем Каревты 500 мың теңгемен марапаттады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Құрметті Артем Семенович, біз барлығымыз сіздің кешегі ерлігіңізге таң қалдық. Сіз еш сасқалақтамастан ептілік пен батылдық танытып, өз өміріңізді қатерге тіге отырып, 7 жасар баланың өмірін құтқарып қалдыңыз. Бұл үлгі тұтарлық мысал, яғни біздің тұрғындар, азаматтарымыз айналасына осылай жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сол себепті, өз атымнан, әкімдіктің аппараты атынан және астаналықтардың атынан сіздің жасаған ерлік әрекетіңізге үлкен алғысымызды білдіреміз», - деді әкім.

Қала әкімдігінің атынан алған сыйақыны А. Карев мұқтаж отбасылардың терезесіне қоршау орнатуына беруді жоспарлап отыр. «Ақшаға зәру емеспіз, одан да бұл қаражатты игі мақсатқа жұмсаңыздар», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қыркүйек күні сағат 10.16-да 102 пультіне Жеңіс, 28 даңғылындағы оныншы қабаттан баланың құлап кету қаупі туралы хабарлама келіп түседі. Астананың № 2 мамандандырылған өрт бөлімінің кезекші қарауылы 6 минуттан кейін 2012 жылы туылған баланы тоғызыншы қабаттағы көршісінің құтқарып қалғанын хабарлады. Аман алып қалған азамат Артем Карев екен.

«Мен дәл сол кезде үйде едім, көшеде айқайлаған дауысты естіп балконға шықтым. Төменге қарасам бәрі мен жаққа қарап тұр, ойыма бірден біреудің құлағалы тұрғанын сезіп, жоғары жаққа қарасам бала ілініп тұр. Ең бастысы, ол аман, дені сау, ары қарай онымен дос болып кетеміз», - деді Артем.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109