3328

Астанада халықаралық туристік көрме өтуде

«Көрме» орталығында 15-ші қазақстандық халықаралық «Astana Leisure-2018» туристік көрмесі ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

AstanaLeisure 2018 экспозициясының алаңы 1300 шаршы метрді құрайды және қала тұрғындары мен қонақтары үшін ең ыстық, өзекті туристік бағыттарды ұсынады. Көрмеге әлемнің 15 елінен 100-ден аса компания қатысып жатыр. Атап айтқанда Қазақстан, Түркия, Араб Әмірлігі, Грузия, Ресей, Украина, Корея, Таиланд. Ұсыныстардың арасынан туризм, сауықтыру, медицина, гастрономдық, мәдени және т.б. кездестіруге болады. Туристік фирмалар түрлі-түрлі және ассортименттік қызмет түрлерін паш етті.

Айта кетейік, қазақстандық туристі көбіне медициналық туризм қызықтырады. Әсіресе Грузияға емделуге жиі барады екен. Бұл тенденция соңғы жылдары айтарлықтай байқалған. Мысалы, 2016-17 жж Қазақстаннан Грузияға 35 000 адам барған, ал осы жылдың 8 айында Кавказ маржаны саналатын емханалары мен шипажайларына барған туристердің саны 57 мыңға дейін артқан.

«Бір жылдың ішінде «Evex» емханасының мамандары 2500 офтальмологиялық операция мен 962 эко процедура жасайды, шектеулі саладағы мамандар мен педиатрлар қызметі өте дамыған. Қазақстандықтардың біздің емхананы таңдап, дәрігерлерімізге сенім артқанына алғысымызды білдіреміз», - деді компанияның атқарушы директоры Николоз Гамкрелидзе. 

Көрмеге қатысушылардың арасында отандық турфирмалар да болды, олар Қазақстанның тарихи орындары бойынша турлар мен қонақ үйлердің үлкен таңдауын ұсынды. Мысалы, Жамбыл облысының туроператорлары 13 ғасырдағы тарихи орынға келіп демалуды, сондай-ақ қаладағы және табиғаттағы танымал жерлерге баруды да үгіттеп отыр. Ал баршасы білетін Бурабай шипажайын мұнда табиғи экотуризм ретінде ұсынуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109