3396

Astana Atrium Games 2018

29 қыркүйек күні сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін Назарбаев Университеті Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен елордадағы ең ауқымды күзгі іс-шара   – Astana Atrium Games киберспорттық турнирге өз есігін айқара ашады.

Astana Atrium Games – киберспорттық және гик-мәдениеті тоғысқан қалалық іс-шара.  Іс-шара жастарға арналғанымен бірегей орта балаларды да, сондай-ақ олардың ата-аналарын да өзіне тартатын болады. Гик мәдениеттің қарқынды өсіп келе жатқаны бәріне мәлім. Супер қаһармандар туралы фильмдер, комикстер, сериалдар, аниме біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Astana Atrium Games іс-шарасы барысында косплей немесе басқаша айтқанда костюмді шоу, квест, конкурс өткізілетін болады.

Турнирдің ресми ашылуына Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу, Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Вице-президент Қадиша Даирова,  Астана қаласы әкімдігінің басшылығы, Қазақстанның киберспорттық ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ 1 000-нан астам қатысушылар қатысады. 

«Біздің университетіміз үшін бұл киберспорт саласын дамытудың жаңа бағыты. Біз оны алғаш рет өткізіп отырмыз, аталған іс-шара Қазақстанның барлық киберспортшылары арасында жыл сайынғы турнирге айналады», - деп атап өтті Назарбаев Университетінің Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Вице-президенті Қадиша Даирова.  

Astana Atrium Games киберспортық іс-шарасы ауқымды ойын алаңында өткізіледі, әрбір қатысушы компьютерлерде, консольдарда ойнай алады, Dota2, CS:GO, Hearthstone, FIFA және Mortal Combat түрлі ойындары бойынша турнирлер өткізіледі. Аталған киберпәндерді таңдау виртуалды жарыстарға қазіргі жастардың қызығушылығының  артуына байланысты болып отыр. Барлық қатысушылар тегін жарыстарға қатысып, іс-шараның әріптестерінен құнды сыйлықтар алу мүмкіндігіне ие болады.

«Менің киберспортқа қызығушылығым мені білім ордасы  Назарбаев Университетіне сарапшы ретінде әкеледі деп ойлаған жоқпын.   Соңғы кезде киберспорт қарқынды дамып келеді және Назарбаев Университеті осы бағытты дамытуға бел буды», - деп атап өтті Қазақстанның Киберспорт  Федерациясының атқарушы директоры  Рүстем Куштаев.

Astana Atrium Games өткізу барысында қонақтарға 3000 шаршы метр ойын сауық орындары, көрме стендтері, тақырыптық жәрмеңке және косплей ұсынылатын болады. Іс-шара заманауи поп-мәдениет және киберспорт жанкүйерлеріне арналады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109