Байқоңыр ауданында жаңа базар салу бойынша келісім жасалды
Байқоңыр ауданы әкімдігі мен «Ganador Group» ЖШС арасында өзара келісім бойынша меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Аталмыш әкімдікте инвесторлар мен мемлекеттік қызмет органдары арасында кездесу өтті. Кездесу барысында сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру талқыланды, сондай-ақ Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты мен «Ganador Group» ЖШС арасындағы келісімге қол қойылды. Құжат қалада сауда қызметін одан әрі дамытуға жағдай жасауға ықпал ететін болады.
Айта кетейік, «Ganador Group» ЖШС-і жалпы алаңы 62 000 м2 құрайтын «Стационарлық әмбебап базар құрылысын» жүзеге асыруда.
«DOSTYQ Market» әмбебап базар қаламызда сауда-өнеркәсіптік аймақ болып есептеліп кеткен Алаш тас жолы бөлігінде салынады.
Бұл жаңадан салынатын әмбебап базарда азық-түлік және тұрмысқа қажетті басқа да тауарлар сатылады. Нысанда сауда, әкімшілік-тұрмыстық, қоймалар және қоғамдық тамақтану орындары болады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz