1420

Жыл басынан бері Астанада заңды тұлғалар 3,4%-ға көбейді

2013 жылдың І тоқсанында алғашқы рет тіркеуден өткен заңды тұлғалар 1272-ге жетті.

 2013 жылдың І тоқсанында алғашқы рет тіркеуден өткен заңды тұлғалар 1272-ге жетті. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен мәлім етті.

Заңды тұлғанының көбі Алматы ауданында - 48,5% тіркелген. Сарыарқа аудынында  үлкс салмағы - 32,8%, Есіл ауданында 18,7%-ы құрады.

Кәсіпкерлер жоспарлаған қайтадан тіркелген заңды тұлғалар  , ал шағын кәсіпорын ретінде тіркелгендері 1254, орта -16,   ірісі -2  . 

 Сондай-ақ ведомствоның айтуынша, биылғы жылы І тоқсанда тіркелген шағын кәсіпорындардың тірікелу көлемінің ұлғайғаны байқалады. Олар  өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 44,9% артық екені көрінеді. Сонымен қатар бір мезгілде орта кәсіпорынның 10, ірі кәсіпорынның 2 бірлікке өскені анықталды.  

Жаңа кәсіпорындардың көпшілігі сауда саласында (32%), құрылыста (26%) болып отыр. Басқа саладағы қызмет көрсету  кәсіпорындарына 9%-дан келіп тұр; ғылыми және техникалық қызмет – 7%. Орта есеппен 4% көлік пен қойманы жалға берудің үлесіне тиеді.Әкімшілік ету мен көмекші қызмет салаларында және өнеркәсіп пен қоғамдық ұйымдар, қорлар да осы қатардан көрінеді.  Білім беру мен денсаулық сақтауға және жылжымайтын мүлікке  3%-дан келуде. Ал қаржы және сақтандыру қызметіне, байланыс пен өнерге, түрлі демалыстарға, сондай-ақ мемлекеттік басқаруға орта есеппен 1% бөлінген.  

 Жаңа заңды тұлғалардың 94,6%-ы жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде тіркелген. Биылғы жылдың басындағы жалпы санымен салыстырғанда олардың үлесі 3,5 пайыздық тармаққа ұлғайған. Сонымен қатар, осы мерзімдегі тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдар қатарында 3,1%-ы бірлестіктер мен қорлар, 0,8%-ы – заңды тұлғалар бірлестігі мен мекемелер және мемлекеттік кәсіпорындар, 0,5%-ы – тұтыну кооперативтері, 0,2%-ы – акционерлік қоғамдар.

 2013 жылдың І тоқсанындағы заңды тұлға ретінде тіркелген басшылар арасында ерлер үлесі 71,2%, әйелдер – 28,8% болды. Биылғы жылдың басында заңды тұлға басшылардың жалпы санында ерлер үлесі 73,9%, әйелдер үлесі  – 26,1%-ды құрады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109