«InterFood Astana» мерейтойлық көрмесіне әлемнің 12 елінен 100 компания келеді
Міне, 15 жыл бойы Астана тамақ өнімдері мен жабдықтарын өндіруші фирма өкілдерінің
басын қосуда. Осы жылдарда жетекші
бренділердің көрме залдарынан «InterFood
Astana» жабдықтары мен қызиметтерін ұсынып
келді. Олар керекті экспозияциялар форматы мен қызықты іскерлік бағдарламаларды ұсынатын ірі форум ретінде
танылды.
Биылғы жылы «Тамақ өнеркәсібі үшін азық-түлік тағамдары, Сусындар. Ингредиенттер, Орама мен Жабдықтар» – InterFood Astana 2013 Халықаралық мерейтойлық 15-ші қазақстандық көрмесі 17-19 сәуір күндері өтеді. Дәстүр бойынша көрме астаналық «Көрме» орталығында орналасты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Iteca» көрме компаниясы «InterFood Astana 2013» көрмесіне әлемнің 12 мемлекетінен 100-ге тарта компания қатысады деп жоспарланған. Атап айтқанда, олар: Беларус, Ұлыбритания, Гана Республикасы, Германия, Испания, Қазақстан, Қитай, Польша, Ресей, Таиланд, Украина және Франция.
Көрмеге кондитер және нан пісіру жабдықтары кеңнен қойылады. Бұл бағытта ауқымды экспозицияларда Фаворит-Техно (Қазақстан-Италия) Макиз Урал (Ресей) компаниялары назар аудартады.
Индустрия жаңалығының арасында – Таиланда Республикасының, тағы басқа да мемлекеттердің жаңа компаниялары бар.
Көрмені өткізу бұған дейін белгілі болғанындай, «Сапа дәстүрі - InterFood Astana» компаниясының азық-түлік тағамдары мен сусындардан дәм татқызу дәстүрінен басталады деп күтілуде.Байқаудың қорытындылары келесі күні іс-шаралардың ресми сайтында орналастырылады. Ұсынылған өнімдердің үлгілерін Қазақстан тамақ академиясының Ю.А Синявский төрағалық ететін арнайы комиссиясы бағалайтын болады. Жеңімпаздар алтын медаль, дипломдармен марапатталып, ереже бойынша марапат алған өнімдердің этикетіне «Сапа дәстүрі» логотипін жапсырылатын болады.
«InterFood Astana 2013» көрмесінде тікелей «Астана мерамханалары» баспа үйінің қолдауымен 2-ші Халықаралық «Шебердің қолы Астана 2013» Кулинарлық Өнері Фестивалі өтеді. Жарысқа халықаралық деңгейдегі шеф-қазылар алқасы төралік етеді.
«Тамақ өнеркәсібі үшін азық-түлік тағамдары, Сусындар. Ингредиенттер, Орама мен Жабдықтар» – InterFood Astana 2013 көрмесінің ұйымдастырушысы Халықаралық ITE Group Plc (Ұлыбритания), ITE China (Қытай), Gima (Германия), ITE Poland (Польша), ITE UEA (БАӘ) халықаралық серіктестермен бірге қазақстандық «Iteca» көрме компаниясы болып табылады.Ресми қолдаушылары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Астана қаласының әкімдігі.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz