ҚР машина жасаушылары І Форумының қатысушылары қазақстан-чех технологиялық орталығында болады
Қазақстан-Чех технологиялық орталығы Астана
қаласында биылығ жылдың басында ашылды. Бұл кәсіпорын машина жасау саласы
мамандарының тарапынан бұрын-соңды болмаған қызығушылық туғызып отыр. Тек осы
сала емес, мұнайгаз, тау-кен, металлургия, темір жол, ауыл шаруашылығы, тағы да
басқа салалардың тікелей қатысы бар. Бірінші Форум аясында Қазақстанның машина
жасаушылары делегаттарына осы Орталықтың өзіндік жұмысымен танысудың
бірегей мүмкіндігі берілген.
Бүгінгі күні зауыт Чехияның станок жасау Ассоциациясымен өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған Меморандум аясында чех тарапы беріп отырған қазіргі заманғы машина жасау және станок құрастыру жабдықтарымен жарақтандырылған.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарына ірі мемлекеттік компаниялардың қажеттілігі үшін ұсақ сериялық бұйымдар шығару мен конструкциялық құжаттарды реттеу жатады. Атап айтқанда, аталған зауытта қазіргі «Тальго» пойыздарын құрастыру үшін қосалқы бөлшектер шығарылатын болады.
Аталған зауыттың барлық мүмкіндіктері Форумға қатысушыларға көрсетіледі. Олардың қатарында машина жасау өнімдерін шығарушылар мен тұтынушылар, ҒЗИ, жоғары оқу орындары өкілдері бар. .
Еске салайық, Қазақстан машина жасаушыларының Бірінші Форумы елордада биылғы жылдың 16-17 сәуірінде өтеді. Форумға 500-ден астам делегат қатысады деп жоспарлануда.Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz