1662

«AstanaFloraExpo-2013» көрмесінде 70-тен астам компания ұсынылады

Астана екі күн бойы гүлді қалаға айналады. Ертең 24 сәуірде AstanaFloraExpo-2013 гүлдер, ландшафтық сәулет пен дизайнның IV халықаралық жыл сайынғы көрмесі ашылады.

Астана екі күн бойы гүлді қалаға айналады. Ертең 24 сәуірде AstanaFloraExpo-2013  гүлдер, ландшафтық сәулет пен дизайнның IV халықаралық жыл сайынғы көрмесі ашылады. Дәстүр бойынша ол Орталық «Көрме»  залында өтеді, деп хабарлайды «Астана Экспо КС» көрме компаниясы.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Құрылыс істері және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы агенттігінің, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтуде. 

Жобаны ұйымдастырушылар көрме алаңына бақ-парк құрылысы, ландшафты сәулет пен көгалдандыру саласындағы мамандардың басын қосуды мақсат тұтыпты. Сол арқылы  әлемдік флористика мен ландшафты дизайн бағытындағы қазіргі заманғы мүмкіндіктерді елорда мен республиканың аймақтарында қолдануға тың қадамдар жасайды. 

Келушілердің назарына бірінші «Village» -  мамандандырылған экспозициясы – коттедждер мен қала сыртындағы учаскелерді безендіру нұсқасы ұсынылады. 

Көрмеге 30 отандық, 40-тан астам шетелдік компаниялар қатысуда.  Соның ішінде Германия, Голландия,  Израиль, Қазақстан, Колумбия, Ресей, Түркия, Франция және Эквадордан өндіруші-фирмалар бар.

 Айта кетерлігі, көрме аясында 24-25 сәуір күндері есте қаларлық оқиға – «Алтын Гүл-2013» кәсіби флористикасының алғашқы қазақстандық чемпионаты өтеді. Барлық байқау тапсырмаларының ортақ тақырыбы: «Көктем – махаббат айы» (үйлену тойы флористикасы). Қазылар алқасы құрамында Ресей, Венгрия және Голландияның атақты флористері болады деп жоспарлануда.  Жеңімпаздардың басты жүлдесі -  2013 жылдың 5-7 қыркүйегінде Хорватияның Сплит қаласында өтетін  «Eurofleurs-2013» жастар арасындағы кәсіби флористиканың еуорпа Чемпионатына жолдама.

Сондай-ақ, чемпионат аясында «Deliflor Chrysanten BV» (Голландия) компаниясының, Ресей мен Еуропаның көрнекті флористерінің қатысуымен «Smithers-Oasis»  неміс компаниясының флористикалық жұмыстары мен жаңа маусымдық жаңалықтарының  флористикалық көрсетілімдері қойылады

Көгалдандыру мамандары үшін ауқымды бағдарламаны көрмеде әлемнің «Lorberg», «Lappen Pflanzenhandel», компания  «Terracult GmbH» (Германия), «Meilland» (Франция), «Орыс бау-бақшасы» компаниялар тобы (Ресей) ұсынады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109