Астана қаласында кәсіпкерлер саны артты
Астанада шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны
ұлғайды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен
хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елордада 50
мыңға жуық бірлік тіркелген.
«2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша нарықта белсенді қызмет атқаратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2% көбейді және 48 011 бірлікті құрады, соның ішінде 6 829 заңды тұлға, 41 177 жеке кәсіпкер және 5 шаруа қожалығы»,- делінген департамент таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар, 1 қыркүйекте шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 8,0%-ға көбейді және 178 990 адамды құрады.
2013 жылдың қаңтар-тамызында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнімдер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға көбейді және 784 774 млн теңгені құрады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz