1656

Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың диалогына арналған жобаны іске қосты

Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы қала әкімдігімен бірлесіп «Кәсіпкерлік сағат» жобасын іске қосты. Аталған диалог алаңының аясында бірқатар мәселелерге тап болған кәсіпкерлер өздерінің сауалдарын жергілікті атқарушы органдарға тікелей жолдады. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының кәсіпкерлер паалатасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы қала әкімдігімен бірлесіп «Кәсіпкерлік сағат» жобасын іске қосты. Аталған диалог алаңының аясында бірқатар мәселелерге тап болған кәсіпкерлер өздерінің сауалдарын жергілікті атқарушы органдарға  тікелей жолдады. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының кәсіпкерлер паалатасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Кәсіпкерлердің басым бөлігі «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға, сондай-ақ, жер телімдерін бөлу мәселелеріне баса назар аударды.

«2012 жылы біз орынжайды жалға алған орынсыз болар деп өндірістік ғимарат салуға жер телімін бөлуге өтінім бердік. Полиграфиялық өнім шығаратын желіні жолға қою үшін 40 миллион теңгеге жуық қаржы қажет. Бірақ мемлекеттік органдар біздің ұсынысымызды қарастырған жоқ, жоба екі жылдан бері тоқтап тұр», - дейді «Азамат» ЖШС директоры.

Астана қаласы Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының "БЖК-2020" бағдарламасын жүзеге асыру бөлімінің басшысы Жанар Бескемпірованың атап өтуінше, кәсіпкерлер кейбір өтініштерді дұрыс жолдамайды.

«Өтініштер Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасына келіп түсуі керек. Әйтпесе, біз оны көрмейміз де», - деді Ж. Бескемпірова кәсіпкерлерге өтініштерді қайталап жіберуді ұсына отырып.

Өз кезегінде, кәсіпкерлер Астанада бос жер телімдерінің картасын жасап, оны әкімдіктің сайтында жариялауды ұсынды. Бизнес пен билік өкілдері «сұрақ-жауап» форматында өткен кездесулер конструктивті диалог үшін тиімді платформа болып табылатынын атап өтті.

«Кәсіпкерлікпен айналысқаныма 10 жыл болды. «Кәсіпкерлік сағат» жобасының арқасында бизнес қоғамдастық мемлекеттік органдардың өкілдеріне сұрақтарды тікелей қою, сонымен қатар, көп жағдайда ортақ болып келетін мәселелеріді жария ету мүмкіндігіне ие болды», - деді «Pulsar Sistems» ЖШС басшысы Cабит Кәрімов.

«Біз қалада кәсіпкерлер палатасын құруды қолдаймыз. Қазіргі уақытта аталған бизнес бірлестікпен өзара әрекет ету жөніндегі жұмыстар қолға алынды. Шағын және орта бизнестің елордамыздың экономикасының дамуына қосар үлесінің маңыздылығын біле тұра, біз кәсіпкерлік қоғамдастықпен жұмыстарды жандандырамыз», - деді Жанна Бескемпірова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109