5440

Өмір 60 жастан кейін басталады: Астана зейнеткерлері флеш-моб ұйымдастырды

Бүгін Арбатта Қарттар күніне орай «Ардагерлер саламатты өмір салты үшін» бұқаралық акциясы болып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жасы біршамаға келіп қалған 300-ден аса қатысушы ақ футболка мен бейсболка киіп, спортпен айналысты. Шабытты оятатын әуен мен нұсқаушының көрсетуі бойынша аталар мен әжелер барлық жаттығуды синхронды түрде орындап шықты. Жаппай ширату арқылы жасы егде азаматтар жастардан қалыспайтынын көрсете алды. Зейнеткерлер оп-оңай тұрып, отырып, секірді, тіпті биледі де.

«Сіздер бүгін өмірлеріңізде өте белсенділік танытып тұрсыздар және астанадағы маңызды оқиғалардан тыс қалмайсыздар. Сіздердің осы байқампаздықтарыңыз бен талмайтын жігерлеріңіз үшін көп рахмет. Сіздердің өмірлік бай тәжірибелеріңіз қаламыз бен ауданның дамуы үшін қажет», - деді Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның негізгі міндеті жергілікті тұрғындарды саламатты өмір салтына тарту болған. Акция барысында концерттік бағдарлама дайындалды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109